Турдалиев, Ә.О. Сыбайлас жемқорлықпен күрес стратегиясы
5. АҚШ ПЕН КАНАДА ЕЛДЕРШДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ (И АН ҚАРСЫ КҮРЕС ӘДІСТЕР1 АҚШ-тың ғылымдары берген анықтама бойынша: «сыбайлас жемқорлық - бұл саяси қайраткерлердің, мемлекеттік аппарат қызметкерлерінің, жеке кәсіпкерлердің, өзге де түлғалардың жеке басының, отбасының пайдасы үшін, әлеуметтік мәртебесін арттыру және материалдық жағдайын байыту мақсатында өздерініц ресми міндеттемелерін және мемлекетгік қызметтерін заңға қарсы пайдаланушылық». АҚШ заңнамасында лауазымды тұлғалардың жемқорлығы ұғымы жеткілікті кең. Оған Заң жинағындағы 18 тарауының 4 бөлімінде қарастырылған құқыққа қайшы бірсыпыра әрекет кіреді: 1) Парақорлық - жария лауазымды тұлғалардың арам табыстары және өзінің қызмет бабын теріс пайдалану; 2) Лауазымды түлғалар және жалдамалы қызметшілер; 3) Қорқытып алушылық және қатерлер; 4) Сайлау және саяси іс-әрекет[ 1,160]. Парақорлық үшін АҚШ-та қылмысты кудалауға пара алушылар ғана емес, пара берушілер де жатады. Пара беруде кез келген азамат жауапқа тартылады[2,39]. АҚШ-та сыбайлас жемқорлық мәселесімен негізінен этика жөніндегі Сенатгың арнаулы комитеті және өкілдер Палатасынын лауазымдық гүлғалардың қызметгік тәртібінің стандарты жөніндегі Комитеті айналысады. Басты үйлестіруші ведомство болып Әділет министрлігі бекітілген[3,99|. Әділет министрлігінде сыбайлас жемқорлықпен күресумен қылмысты іс басқармасы тікелей айналысады, қылмыстық завдарды сақтауға бақылауды жүзеге асырады, ашық бизнес және кәсіби одақтарға қосымша кіріс және тиым салынған қызмет түрлерін бүркемелеу үшін ұйымдасқан қылмыстың енуін анықгайды. Сондай-ақ күресте Тексерудің Федеральдық бюросына маңызды рөл берілген(4,5]. Екіншіден, прокуратура Пентагонның арнаулы бөлімдері, полиция, сот атқарады. Жоғары лауазымды түлғаларға қатысты қылмыстык істерді Вашингтонның округтік федералды сотының арнайы бөлімшесі тағайындаған тәуелсіз прокурор қарастырады. 1978 жылы АҚШ конгресі «Үкіметтегі әдеп туралы» заңды қабылдады. Осы заңның дүрыс атқарылуын қадағалау үіпін персоналды басқару бөлімінде «Үкіметтегі әдеп бойынша» бөлім -37-
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==