Турдалиев, Ә.О. Сыбайлас жемқорлықпен күрес стратегиясы
Прокуратура туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2709 Заңы 1- бап. Қазақстан Республикасының прокуратурасы 1. Қазақстан Республикасының прокуратурасы мемлекет атынан Республика аумағында зандардың, Қазақстан Республикасы Президенте Жарлықтарының және өзге нормативтік қүқықтык актілердің дәл және біркелкі қолданылуына, сотқа дейінгі іс жүргізудің, жедел-іздестіру қызметінің, әкімшілік және атқарушылық іс жүргізудің зандылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады. 2. Прокуратура кез келген завдылық бұзушылықгы анықтау және жою жөнінде шаралар қолданады, Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен өзге де құқықтық актілерге наразылық -жасайды, сотта мемлекеттің мүддёсін білдіреді, сондай-ақ занда белгіленген жағдайларда тәртіп пен шекте қылмыстық кудалауды жүзеге асырады. 2- бап. Прокуратура қызметінің құқыктық негіздері Қазақстан Республикасы прокуратурасын ұйымдастыру, оның қызметінің тәртібі және прокурорлардың өкілеттігі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, заң актілерімен, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартгармен, сондай-ақ Республика Бас Прокурорының бұйрықтарымен айқындалады. 3- бап. Прокуратура органдарын ұйымдастырудың және олардың қызметінің принциптері 1. Қазақстан Республикасының прокуратурасы төменгі тұрған прокурорлар жоғары тұрған прокурорларға және Республиканың Бас Прокурорына бағынатын органдардың, ведомстволардың, мекемелердің және білім беру ұйымыньщ біртұтас орталықтандырылған жүйесін күрайды. 2. Қазақстан Республикасының прокуратурасы өз қызметін басқа мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерден тәуелсіз жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының Президентіне ғана есеп береді. 3. Өздерінің занда белііленген өкілеттігін жүзеге асырган кезде прокуратура оргаңдарының қызметіне араласуға тыйым салынады. -340-
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==