Турдалиев, Ә.О. Сыбайлас жемқорлықпен күрес стратегиясы
немесе күзетпен ұстау орныиа өз еркімен қайтып оралған адам, егер ол өзге жаңа қылмыстық құқық бұзухиылық жасамаса және егер қашуы осы баптың екінші бөлігінің 2) және 3) тармақтарында көзделген әрекеттермен ұпггаспаған болса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады. 427- бап. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден жалтару Бас бостандығынан айыру орнынан тысқары жерге қысқа мерзімге шығуға рұқсат етілген сотталған адамның шығу мерзімі біткеннен кейін, сол сияқгы айдауылсыз жүріп-тұру құқығын пайдаланатын не қадағалауда жүрген сотталған адамның бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын одан әрі өтеуден жалтару мақсатында түзеу мекемесіне қайтып оралмауы - екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 428- бап. Қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарына бағынбау 1. Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген адамның қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарына қаскөйлікпен бағынбауы - екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Бірнеше рет жасалған дәл сол іс-әрекет - төрт жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеме әкімшілігінің заңды талаптарына топтасып бағынбауды ұйымдастыру, сол сияқты күш қолданумен немесе өзіне қандай да бір қасақана зиян келтірумен ұштасқан не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан топтасып бағынбауға қатысу - бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. ♦ ** 434- бап. Қылмыс туралы хабарламау Дайындалып жатқаны немесе жасалғаны анық белгілі аса ауыр қылмыс не дайындалып жатқаны анық белгілі терроризм актісі туралы хабарламау - алты мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. -316-
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==