Турдалиев, Ә.О. Сыбайлас жемқорлықпен күрес стратегиясы
іс-әрекеттер — бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 421- бап. Куәнің немесе жәбірленушінің айғақгар беруден бас тартуы Куәнің немесе жәбірленушінің сотга немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында айғақтар беруден бас тартуы - екі мыңнан бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ескерту. Адам өзІне, жұбайына (зайыбына) немесе өзінің жақын туыстарына қарсы айғақтар беруден бас тартқаны үшін, сондай-ақ діни қызметшілер - тәубе үстінде өздеріне ішкі сырын сеніп ашқан адамдарға қарсы, медиаторлар - медиацияға байланысты өздеріне белгілі болған адамдарға қарсы және мән-жайлар туралы, үлттық алдын алу тетігіне қатысушылар - қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде үсталагын адамдармен әңгімелесу барысында өздеріне белгілі болған адамдарға қарсы және мән-жайлар туралы айғақтар беруден бас тартқаны үшін қылмыстық жауаптылыққа жатқызылмайды. 422- бап. Жалған айғақтар беруді немесе айғақтар беруден жалтаруды, жалған қорытынды беруді не кате аударуды параға сатып алу немесе оларға мәжбүрлеу 1. Куәні, жәбірленушіні олардың жалған айғақтар беруі мақсатында не сарапшыны оның жалған қорытынды немесе жалған айғақтар беруі мақсатында, сол сияқгы аудармашыны оның қате аударма жасауы мақсатында параға сатып алу - торт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппүл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не торт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Куәні, жәбірленушіні жалған айғақтар беруге, сарапшыны жалған қорытынды беруге немесе аудармашыны қате аударма жасатуға мәжбүрлеу, сол сияқты аталған адамдарды айғақтар беруден жалтаруға осы адамдарды немесе олардың жақындарын бопсалаумен, өлтіру, денсаулығына зиян келтіру, мүлкін жою қатерін төндірумен үласқан мәжбүрлеу - -313-
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==