Турдалиев, Ә.О. Сыбайлас жемқорлықпен күрес стратегиясы
лауазымды адамның не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның өз міндеттерін қызметіне адал қарамауы немесе ұқыпсыз қарауы салдарынан орындамауы немесе тиісінше орындамауы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқыкгары мен занды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекетгің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіруге әкеп соқса, — бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол іс-әрекет- белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруга жазаланады. 407-бап. Сот төрелігін жүзеге асыруға және сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуге кедергі жасау 1. Сот төрелігін жүзеге асыруға кедергі жасау мақсатында соттың қызметіне қандай да болмасын түрде араласу - екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде чүзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруга жазаланады. 2. Сотқа дейінгі, жан-жақты, толық және объективті тергеп- тексеруге кедергі жасау мақсатында прокурордың немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қызметіне қандай да болмасын түрде араласу - үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппүл салуға не сол мөлшерде түзеу жүмыстарына не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жүмыстарға тартуға не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. 3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған іс-әрекеттер -- белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу қүкығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппүл салуға не сол мөлшерде түзеу жүмыстарына не үш жылға -310-
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==