Турдалиев, Ә.О. Сыбайлас жемқорлықпен күрес стратегиясы
мерзімге айыра отырып, төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Көрінеу кәмелетке толмаған адамға немесе әрекетке қабілетсіз адамға қатысты не бірнеше рет жасалған дәл сол іс-әрекет -мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, бес мың айлық есегггік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жүмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 252- бап. Жекеше күзет қызметтері қызметшілерінің өкілеттіктерін асыра пайдалануы 1. Жекеше күзет қызметі басшысының немесе қызметшісінің лицензиата сәйкес өздеріне берілген өкілеттіктерін өз қызметінің міндеттеріне қайшы асыра пайдалануы, егер бұл іс-әрекет күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп жасалса, - белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу қүқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Қару немесе арнайы құралдар қолданып жасалған немесе ауыр зардаптар келтірген дәл сол іс-әрекет -белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруга жазаланады. 253- бап. Параға коммерциялық сатып алу 1. Коммерциялық немесе өзге де үйымда басқару функцияларын орындайтын адамға ақшаны, бағалы қағаздарды немесе өзге мүлікті заңсыз беру, сол сияқты оның өзінің қызмет бабын пайдаланғаны үшін, сондай-ақ параға сатып алуды жүзеге асыратын адамның мүдделеріне қызметі бойынша жалпы қамқорлығы немесе салғыртгығы үшін оған мүліктік сипатгағы қызметтерді заңсыз, корсету -бес мың айлық есептік көрсеткішке -298-
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==