Турдалиев, Ә.О. Сыбайлас жемқорлықпен күрес стратегиясы
эмитент органдарының (эмитенттің лауазымды адамдарының) осы эмитентгің облигацияларын шығару проспектісінде белгіленген, облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдаланудың шарттары мен тәртібін бұзуға әкеп соққан шешімдер қабылдауы, егер бұл іс-әрекет облигация ұстаушыларға ірі залал келтірсе, - белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмысіарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2б2ап1.- Монополистік қызмет 1. Нарық субъектілерінің монополиялық жоғары (темен) немесе келісілген бағаларды белгілеуі және (немесе) үстап түруы, үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъекгісінен сатып алынған тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) қайта сатуға аумақтық белгісі, сатып алушылар тобы, сатып алу шарттары, саны не бағасы бойынша шектеулер белгілеуі, тауар нарықтарын аумақгық белгісі, тауарлардың (жұмыстардың, корсетілетін қызметтердің) ассортименту олардың өткізілу немесе сатып алыну көлемі, сатушылар немесе сатып алушылар тобы бойынша бөлуі, сондай-ақ бәсекелестікті шектеуге бағыгталған өзге де іс-әрекеттер, егер олар азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірсе не нарық субъектісінің ірі мөлшерде табыс алуымен ұштасса, - бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Бірнеше рет жасалған не алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы не адам өзінің қызмет бабын пайдаланып жасаған дәл сол іс-әрекеттер - мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу қүқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жүмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген: -277-
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==