Турдалиев, Ә.О. Сыбайлас жемқорлықпен күрес стратегиясы
немесе онсыз, жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 216- бап. Іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметгер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау 1. Мүліктік пайда алу мақсатында жеке кәсіпкерлік субъектісінің іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-факіура жазу бойынша әрекеттерді азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтіріп жасауы - үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген: 1) бірнеше рет; 2) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен; 3) он мың айлық есептік көрсегкіштен асатын сомаға жасалған; 4) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам не оған теңестірілген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекетгік лауазымды атқаратын адам жасаған іс-әрекет, егер ол өзінің қызмет бабын пайдалануымен үштасса; 5) жалған кәсіпорынды пайдалану арқылы жасалған іс-әрекет- мүлкі тәркіленіп, ал 4) тармақта көзделген жағдайларда белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, үш мыңнан жеті мың айлық есептік көрсеткііпке дейінгі мөлшерде айыппүл салуға не сол мөлшерде түзеу жүмыстарына не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған немесе аса ірі залал келтірген іс-әрекеттер - мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу қүқығынан өмір бойына айыра отырып немесе онсыз, жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 217- бап. Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы қүру және оған басшылык ету 1. Қаржылық (инвестнциялық) пирамиданы қүру, яғни -273-
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==