Турдалиев, Ә.О. Сыбайлас жемқорлықпен күрес стратегиясы
негізгі этакалык нормалары белгіленген. Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет гарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекетгік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды. Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны — Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрі адал қызмет етеді деп сенеді[14,1]. Елбасы жанында консультативті-кеңестік орган - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасын сақтау мәселелері жөніндегі комиссия құрылып, жүмыс жүргізуде. Осы орган өзін тек талдау органы ғана емес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі бойынша нақгы істер атқаратын орган ретінде де орнықгырды. Елбасы Президент Әкімшілігі, Үкімет, Парламент өкілдерінің, облыс және Астана мен Алматы қалалары әкімдерінің, құқық қорғау және бақылау органдары басшыларының қатысуымен өткізетін кеңестерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесін талқылау еліміздің саяси өмірінін нормасына айналды. Сан алуан түрде көрініс беретін сыбайлас жемқорлықтың басты ерекіпеліктері ескеріле отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі заңнаманың іс жүзінде жыл сайын жетілдіріліп жатқанына көзіміз жетіп отыр. Мемлекет басшысының «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты 2008 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресгі мемлекетгік саясатқа жаңа серпін берді[15,7]. Қазақстан Республикасының Президент! Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» аггы Қазақсган халкына жолдауы (30 қараша 2015 жыл) Президент жолдауында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шараларды жүзеге асыруға орай және әкімшілік реформаның мақсатгарынан туындайтын мемлекеттік басқару жүйесін онтайландыру міндетгері қойылған. Президент Н. Назарбаев Қазақстанның әлемнің ең бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына ену бағдарламаларын үсынды, онда сыбайлас жемқорлықпен күрестің жалпы үлттык бағдарламаларын дәйекті түрде жүзеге асыру күрестігіне баса назар аударған[16]. Сонымен бірге 2004 жылы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттік (қаржы -25-
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==