Турдалиев, Ә.О. Сыбайлас жемқорлықпен күрес стратегиясы
7. Мемлекетгік органның штат саны қысқартылған кезде қысқартылатын мемлекеттік лауазымдЫ атқарып отырған мемлекеттік қызметшіге кёмінде үш жыл мемлекеттік қызмет өтілі болган кезде төрт орташа айлық жалақысы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысы төленеді. 8. Мемлекеттік қызметші қайтыс болған жағдайда оның отбасы мүшелеріне мемлекетгік органдағы соңғы қызмет орны бойынша үш орташа айлық жалақысы мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді, бұл ретте жәрдемақының мөлшері «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленгеннен темен болмауы керек. 57- бап. Мемлекетгік қызметшілердің іссапарлар кезіндегі кепілдіктері мен өтемақылары 1. Мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекетгерге іссапарға баруға арналған шығыстары өтеледі. Мемлекеттік қызметшілерге іссапарда болған уақытына тәулікақы алуға, межелі жерге жету және кері қайту үшін жүріп- тұру шығыстарына, түрғын үй-жай жалдау шығысгарына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кепілдіктер мен құқық беріледі. 2. Іссапардың барлық уақыты бойында іссапарға жіберілген мемлекеттік қызметшілердің жұмыс орны (мемлекеттік лауазымы) мен орташа жалақысы сақгалады. 58- бап. Дипломатиялық қызмет персоналының кепілдіктері мен өтемақылары Дипломатиялық қызмет персоналының кепілдіктері мен өтемақылары Қазақстан Республикасының дигіломатиялық қызметі жұмысының құқықтық негіздерін, сондай-ақ оны ұйымдастыру тәртібін айқындайтын заңда белгіленеді. -258-
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==