Турдалиев, Ә.О. Сыбайлас жемқорлықпен күрес стратегиясы

қоса атқарғаны және уақытша болмаған мемлекетгік қызметшінің міндеттерін атқарғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қосымша ақы белгіленеді. 39- бап. Мемлекеттік қызмегшілердіц Қазақстан Республнкасының мемлекеттік органдарына, шетелдегі мекемелеріне және өзге де ұйымдарға іссапарға баруы 1. Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік органдардың алдына қойылған міндеттерді орындау мақсатында олардың бірінші басшыларымен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, шетелдегі мекемелеріне және өзге де үйымдарға іссапарға баруы мүмкін. 2. Іссапарға барған мемлекеттік қызметшілердің бұрынғы жұмыс орны (мемлекетгік лауазымы), сондай-ақ осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық акгілерінде белгіленген қүқықтары, кепілдіктері, жеңілдіктері, өтемақылары, үстемеақылары, төлемдері, зейнетақымен қамсыздандырылуы және әлеуметтік қорғалуы сақгалады. 40- бап. Мемлекеттік қызметшілердің әскери қызметке шақырылуы Мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасыньщ заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырылған жағдайда оларға мерзімді әскери қызмет кезеңінде жалақысы сақталмайтын демалыс беріледі және олардың жұмыс орны (мемлекеттік лауазымы) сақталады. 41- бап. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді ротациялау 1. Мемлекеттік қызметті өткеру кезінде кәсіби әлеуеттің неғүрлым тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік әкімшілік қызметшілердІ ротациялау жүзеге асырылады. «А» корпусының мемлекетгік әкімшілік қызметшілерін ротациялау деп мансаптық жоспарлау шеңберінде оларды «А» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік лауазымдарына не «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері арасындағы лауазымдық орын ауыстырулар түсініледі. Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің құқықтық негіздерін, сондай-ақ жұмысын үйымдастырудың тәртібін -242-

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==