Турдалиев, Ә.О. Сыбайлас жемқорлықпен күрес стратегиясы

3) мемлекеттік органның конкурстық комиссиясын не бірыңғай конкурстық комиссияны құру; 4) конкурсқа қатысушылардың құжаттарын белгіленген біліктілік талаптарына сай болуы тұрғысынан қарау; 5) конкурсқа қатысушылармен мемлекетгік органның конкурстық комиссиясы өткізетін әңгімелесу; 6) мемлекеттік органның конкурстық комиссиясының қорытындысы. Конкурс өткізудің тәртібін уәкілетгі орган айқындайды. 3. Орталық мемлекеттік органдарда, ведомстволарда және олардың аумақтық бөлімшелерінде конкурс өткізу кезінде хабарландырулар орталық мемлекеттік органдардың және уәкілетті органның интернет-ресурстарында орналастырылады. Хабарландыруларды Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын мерзімді баспа басылымдарында жариялауға жол беріледі. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда конкурс өткізу туралы хабарландырулар жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың және уәкілетті органның интернет-ресурстарында орналастырылады. Хабарландыруларды тиісті әкімшілік-аумакгық бірлік аумағына таралатын мерзімді басылымдарда жариялауға жол беріледі. Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) құрылған жағдайда хабарландырулар өзі соның құрылымында тұрған мемлекетгік органның интернет-ресурсында да орналастырылады. 4. Егер конкурс «Б» корпусының уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына өткізілсе, осы шарт конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілуге тиіс. 5. Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушының «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекетгік әкімшілік лауазымына орналасуға құқығы бар. Тағайындау құқығы бар лауазымды адам оны жарияланған мемлекетгік лауазымға қабылдауға міндетті. Бұл ретте Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген талаптар сақталуға тиіс. 6. Конкурстық комиссияның шешіміне қатысты уәкілетті орган га не сотқа шағым жасауға болады. -234-

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==