Турдалиев, Ә.О. Сыбайлас жемқорлықпен күрес стратегиясы

Осы тармакгың бірінші бөлігінде көзделген жасы бойынша шектеу Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңдарында олардың өкілеттік мерзімдері айқындалған мемлекепік саяси лауазымдарға қолданылмайды. Зейнеткерлік жасқа жеткен адамды осы байта көзделмеген өзге жағдайларда мемлекетгік саяси лауазымға тек Қазақстан Республикасының Президент! ғана тағайындауы мүмкін. Құқық қорғау органдарының лауазымдарына орналасуға үміткер азаматтарға қойылатын жасына байланысты шектеулер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді. 2. Құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға түсетіндерді қоспағанда, құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтар кұқық қорғау органдарымен келісу бойынша уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде олардың жеке қасиеттерін бағалауды қоса алғанда, уәкілетгі органда тесттен өтеді. 3. Мемлекеттік қызметке: 1) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында тиісті мемлекеттік лауазымдарға қатысты өзге талаптар белгіленбесе, он сегіз жасқа дейінгі; 2) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп таныған; 3) сот белгілі бір мерзім ішінде мемлекеттік лауазымдар атқару құқығынан айырған; 4) біліктілік талаптарында тиісті мемлекеттік лауазымдарға орналасу үшін денсаулық жағдайына арнайы талаптар белгіленген жағдайларда, медициналық мекеменің қорытындысы негізінде лауазымдық өкілетгіктерді орындауға кедергі келтіретін ауруы бар; 5) өзінің мәртебесін және соған негізделген беделін жеке басының, тоіггық және өзге де қызметтік емес мүдцелерге пайдалануға алып келуі мүмкін әрекеттерді болғызбау мақсатында өзіне осы Заңда белгіленген шектеулерді қабылдаудан бас тартқан; 6) мемлекеттік қызметке кірер алдыңдағы ұш жыл ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған азаматгы қабылдауға болмайды. Бұл ретте мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін қызметтен шығарылған азамат мемлекеттік қызметке жіберілмейді; ! -226-

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==