Турдалиев, Ә.О. Сыбайлас жемқорлықпен күрес стратегиясы
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелерін, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы мен мүшелерін қоспағанда, мемлекеттік қызметшілердің өздеріне тиесілі облигацияларды, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын сенімгерлік басқаруға бермеуіне болады. 4. Мемлекеттік қызметшінің сенімгерлік басқаруға берілген мүліктен кіріс алуға құқығы бар. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелерін, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы мен мүшелерін қоспағанда, мемлекеттік қызметшілер тұрғын-жайларын мүліктік жалдауға беруге құқылы. 5. Мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын Қазакстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 6. Қазақстан Республикасы Үлтгық Банкінің Төрағасы мен оның орынбасарлары аталған мемлекетгік лауазымдарға тағайындалған күннен бастап бір ай мерзімде өздеріне тиесілі инвестициялық қорлардың пайларын, облигацияларды және коммерциялық үйымдардың акцияларын сенімгерлік басқаруға беруге және сенімгерлік басқару шартының нотариат куәландырған көіпірмесін Қазақстан Республикасы Үлттық Банкінің кадр қызметіне ұсынуға міндетті. Қазақстан Республикасы Үлттық Банкінің Төрағасы мен оның орынбасарлары инвестициялық қорлардың пайларын, облигацияларды, коммерциялық ұйымдардың акцияларын сатып алуға құқылы емес. 7. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір және ата-анасы белек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жүбайы (зайыбы) атқаратын лауазымға тікелей багыныстағы мемлекеттік лауазымды атқара алмайды. 3- тарау. МЕМЛЕКЕ1 ТІК ҚЫЗМЕТКЕ КІРУ 14- бап. Мемлекеттік саяси қызметке кіру 1. Азаматтардың мемлекеттік саяси қызметке кіруі тағайындалу не сайлану неНзінде, сондай-ақ басқа да жағдайларда Қазақстан -224-
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==