Турдалиев, Ә.О. Сыбайлас жемқорлықпен күрес стратегиясы

20) мемлекетгік қызметшілерді даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың практикалық бағдарлануы қағидаттарына негізделеді. 2. Мемлекетгік органдарда саяси партиялардың ұйымдарын құруға жол берілмейді. Мемлекетгік қызметшілер лауазымдық өкілеггіктерін атқару кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктер мен олардың органдарының шешімдеріне байланысты болмайды. 5- бап. Уәкілетті орган 1. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі органдардың бірыңғай жүйесін уәкілетті орган, оның аумақгық бөлімшелері, уәкілетті органға ведомстволық бағынысты ұйымдар құрайды. Аумақтық бөлімшелер өз қызметін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгілеген құзырет шегінде жүзеге асырады. 2. Уәкілетті орган: 1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді, сондай-ақ өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нормативтік құқықтық актілер қабылдайды; 2) мемлекеттік әкімшілік лауазымдар санатгарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді; 3) мемлекетгік қызмет персоналы жөніндегі автоматтандырылған бірыңғай дерекқорды (ақпаратгық жүйені) қалыптастыру бойынша жалпы үйлестіруді қоса алғанда, мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілерінің кадр құрамының жай-күйіне, сондай-ақ мемлекеттік қызметгің мемлекетгік саяси және әкімшілік лауазымдарына мониторинг жүргізеді; 4) «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервін қалыптастырады; 5) Қазақстан Республикасының заннамасына сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды және құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тесттен өткізу тәртібін, бағдарламаларын және оны ұйымдастыруды айқындайды; -212-

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==