Турдалиев, Ә.О. Сыбайлас жемқорлықпен күрес стратегиясы
10. Осы баптың 7-тармағының және 9-тармағының 1) және 2) тармақшаларының талаптары мемлекетгік құпияларды құрайтын мәліметтерге қолданылмайды. 11. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі функцияларды орындауға қатысатын жеке және заады тұлғалар мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер және қаржылық қызмет туралы есептерді мемлекеггік мүлікке қатысты меншік иесі құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және мерзімдерде ұсынады. 12. Мемлекеттік кіріс органдарына келіп түсетін, осы байта көзделген мәліметтер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңмен қорғалатын құпия болып табылады. Оларды жария ету Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады. 13. Қызметтік және салықтык құпияны кұрайтын мәліметтер «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсьг іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мақсаттарда және тәртіппен қаржы мониторинг! жөніндегі уәкілетті органға ұсынылады. Ескертпелер. 1. ОсЫ бапта квазимемлекетгік сектор субъектілерінде басқарушылық функцияларды орындайтын адамдар деп - аталған ұйымдарда тұрақты, уақытша не арнайы өкілеттік бойынша ұйымдық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларды орындайтын адамдар танылады. 2. Осы байта ұйымдық-өкімдік функциялар деп - адамдардыц заңнамада және құрылтай құжаттарында көзделген, ұйымның атқарушы органы ның өкілеттіктерін жүзеге асыру жөніндегі қызметі түсініледі. Осы функцияларға ұжымды жалпы басқару, кадрларды іріктеу мен орналастыру, бағынысты адамдардың еңбегін ұйымдастыру және бақылау, көтермелеу және тәртіптік жаза қолдану щараларын қолданудан көрінетін, тәртіпті қолдау жатады. 3. Осы бапта әкімшілік-шаруашылық функциялар деп - толық материалдық жауаптылық жүктелген адамдардыц берілген өкілеттіктер шеңберінде мүлікті, оның ішінде ұйымның - 154-
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==