Турдалиев, Ә.О. Сыбайлас жемқорлықпен күрес стратегиясы

83-бап 1. Прокуратура мемлекет атынан Республиканың аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президент! жарлықтарының және өзге де нормативтік қүқықгық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және орындаушылық іс жүргізудің зандылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез келген бүзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ Республика Конституциясы мен зандарына қайіпы келетін заңдар мен басқа да құқыктық актілерге наразылық білдіреді. Прокуратура сотта мемлекет мүддесін білдіреді, сондай-ақ заңмен белгіленген жағдайда, тәртіпте және шекте қылмыстық қуғындауды жүзеге асырады. 2. Республика ГІрокуратурасы төменгі прокурорларды жоғары тұрған прокурорларға және Республика Бас Прокурорына бағындыра отырып, бірыңғай орталықтандырылған жүйе қүрайды. Ол өз өкілетгігін басқа мемлекетгік органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсіз жүзеге асырады және Республика Президентіне ғана есеп береді. 3. Республиканың Бас Прокурорын өз өкілеттігі мерзімі ішінде түгқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үсгінде ұсталған немесе ауыр қылмыстар жасаған реттерді қоспағанда, Сенатгың келісімінсіз кылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Бас Прокурор өкілеттігінің мерзімі бес жыл. 4. Республика прокуратурасының қүзыреті, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі заңмен белгіленеді. - 143-

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==