Былғарыдан жасалған бұйымдар материалдарын танудың зертханалық практикумы / И. К. Мараджапов.

ІІ-ТАРАУ ҮЛТАНДЫҚ РЕЗЕҢКЕ 1. Резеңке үлтандардың тозу ерекшеліктері Пайдалапу кезіндегі резеңке ұлтандардың тозуы былғары ұлтандағы сияқты қалыңдықты жоғалтумен сипатталып қана қоймай, боялу және сынық түрінде де сипатталады. Сынық, әдетте ұлтаннын ең көп иілген шоғыр аймағында жүреді, яғни ұлтанның ең жоғарғы ауырлықпен және түр өзгеруімен үшырасатын бөлігінде болады. Бүдан басқа ұлтанның шоғырланған бөлігінде барлық ауданы бойынша соққылар пайда болуы мүмкін, сол себспті резеңкенің дүркін-дүркін алмасушы сығылу және иілу түрөзгерістеріне тұрақсыздығы пайда болады. Ұнтақталуы ережеге сай, шоғырдың ішкі және етек жағын қысқартуы бойынша және түмсықты бөлікте жүзеге асырылады. Осыдан барып, тұмсықты бөлікте бекіту сызығы бойынша резеңкенің қопарылуы жүруі мүмкін. Тозу пайдалану кезінде, былғары үлтандағы сияқты аудан бойынша таралу сипатына ие. 32-суретге, шегелеу әдісімен бекітілген ерлер аяқ киһм төсетегінің түгел болуы кезінде киілетін, пластинадан шабылған монолитті құрылысты резеңке ұлтандардың ауданы бойынша қалывдығын жоғалтуы көрсетілген. Әртүрлі каучукпен дайындалған резеңке ұлтандардың тозу топографиясын салыстыру, қолданылған каучуктен тәуелсіз ретте, шегелеу әдісімен дайындалған киілетін барлық аяқ киім үшін қалыңдығы жоғалтудың жалпы сипаттамасын көрсетеді. Ұлтанныц ең жоғары тозуы үш бөлікте жүргізіледі: үлкен башпай астындағы тұмсық бөлікте (11-бөлік), ішкі жағынан табандық сүйектерді төмпешігі астындағы шоғырларда (38-бөлік) және сыртқы жағындағы шоғырлардың (49-бөлік). Шегелеу әдісімен бекітілген киілуші аяқ киім резеңке үлтандарының ауданы бойынша қалыңдығын жоғалтуды, винттік әдіспен бекітілген аяқ киім резеңке үлтандарынын тозуымен салыстыру кезінде (32-сурет, а) оның бекіту сызығына резеңке үлтанның калыңдығын жоғалту аймағын орнынан алуды бакылауға болады. 72

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==