Былғарыдан жасалған бұйымдар материалдарын танудың зертханалық практикумы / И. К. Мараджапов.

28 - суретте коллагенді талшықтардың пісіру температура- сының хромды түздар концентрациясынан тәуелділігі көрсетілген. 29 - суретге былғары тозу шыдамдылығының хромдау кезеңінен тәуелділігі қисықпен бейнеленген. 28 және 29 суреттерде көрсетілген қисықтардын сипаты бірдей. Бұл көрсеткіштердін тез ұлғаюы хромдаудың бірінші кезеңінсн бақыланады. Хромды былғары жоғары тозу шыдамдылығымен және пісіру температурасымен айрықшаланады, ал талидті былғары төмен тозу шыдамдылығымен және пісіру температурасымен айрықшаланады. Хромтанидті былғарылардың тозу шыдамдылығы мәнді мөлшерде хромдау өнімділігінен тәуелді. Былғарыдағы ылғал құрамының ұлғаюы нәтижесінде оның сығуға тұрақтылығы және пайдаланудағы тозу шыдамдылығы төмендейді. Сондай-ақ ылғал құрамының ұлғаюымен пісіру температурасы да төмендейді. Мұндай ұқсастық үлтандық былғарылардың тозу шыдамдылығы мен пісіру температурасында, онын илеу түрлері мен өнімділігінен тәуелсізділігінде, сондай-ақ былғарыдағы ылғал кұрамынан тәуелділігінде, коллагендерді шынжыр арқылы бекіту беріктігінің көрсеткіштеріне әсерімен түсіндіріледі. Сондыктан, былғары тозу шыдамдылығы мен пісіру температурасы арасында тығыз байланыс болуы керек. 25-кесте Былгарының үйкеліске тұрақтылығы мен пісіру температурасы арасындағы байланыс Былғарылар МИНХ құрылғысындағы үйкеліске тұрақтылық Пісіру температурасы, °C мнкл/мм % Илеусіз 270 100 65,5 Еменнің танидті сығыпдысымен 588 218 78,3 Үйенкі сығынды- сымен иленген 656 243 81,5 Формальдегидпен 701 260 88,5 Хром тұздарымен 869 322 95,3 60

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==