Былғарының, ылғал көлемі және ылғал сіңіру динамикасы былғарының топографиялық бөлігіне, шикізат және өңдеу әдісіне тәуелді. Бір ғана және сол былғары үшін ылғал көлемінің ұлғаюы тал- шықты құрылыстын тығыздығына тәуелді. Сондықтан да былға- рының ылғал көлемділігі жэне ылғалды сіңіру жылдамдығы сол бағытта өзгере отырын, ұлгаяды. 20-суретте хромды былғарының аудан бойынша ылғал көлемділігінің таралуы көрсетілген. Хромды былғарының суға салынған кезіндегі ылғалды сіңіру жылдамдығы оның топографиялық бөлігі мен қаттылығынан тәуелділігі 21-суретте көрсетілген. Бұдан байқағанымыздай, негізінде судың біразын былғары бастапқы 30 минут ішінде сіңіреді, дәлірек, бұл кезең үшін былғарының қасиетіндегі айырмашылықтар қажет роль атқарады. Былғарыны суға салғанда, аяқ киім бастаііқы формасын сақтау үшін қажетті тұрақтылық төмендейді. Былғарының түрақгылығын кейде созылу кезіндегі қаттылықпен сипаттайды. 21-суреттен байқағанымыздай былғарының қаттылығы созылу кезінде, былғарының 30 минут суда тұруы кезінде төмендегені көрініп тұр. Осындай жолмен былғарының судағы жьілдамдығының төмендеуі кезінде оның тұрақтылығы ұзақ уақыт бойына сакталады. Әртүрлі иленген былғарының ылғал көлемінің ұлғаюы бойынша келесі тэртіпте таратылады: хромды, хромтанидті және танидті. Хромды былғарының ылғалкөлемділігінің үлғаюына хромның қышқылдану құрамы эсер етеді. Винтті былғары үшін ылғалкөлемділігінің мына түрлері қарастырылған: 2 сағ. ішінде - 60% және 24 сағ. ішінде - 65%; сыздықты былғары үшін, 2 сағ. ішінде - 60% ал ұлтандық былғары үшін де дәл осындай. Былғарының ылғалкөлемділігіне басқа да айғақтар катары эсер ететін болғандықтан былғарынын бөлек қарқындары осы көрсеткіш бойынша ажыратылады. Кейде хромды, хромтанидті жэне танидті былғарылар ылғалкөлемдігі бойынша ажыратылмайды. Суланған былғарыны сығу кезінде сініру ылғалдылығы жеңіл түрде престеледі, бірақ егер де сығылған ылғалды жоймаса, былғарыны жүктеу сэтінде қайтадан сорылады. 35
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==