Былғары астарлардың тозу шыдамдылығы тек қолданылушы былғарылардың түрімен қасиетінен ғана емес, оның пайдалану шарттарынан да тәуелді. Бақылаулар, бәтеңкелердін былғары астарларының орташа қызмет ету мерзімі, қысқа қонышты бэтеңкелерге қарағанда жоғары болатынын көрсетеді. Былғарының тығыз чепракты бөліктерінен жасалған астар, былғарының борпылдақ бөлігінен жасалған астарларға қарағанда үлкен тозу шыдамдылыққа ие. Астарлардын негізгі ақаулары - табанның үйкелуі нәтижесінде дамып отыратын, вкше және шоғыр бөліктеріндегі беттік жүқарулар мен тесіліп жүқарулар. Аяқ киім ішкі бөлігі бола отырып, астар, үйкеліс қарама-қарсы тұру қабілеті бойымен, табанмен тікелей жанаса отырып, қосымша талаптарды қанағаттандыруы тиіс. Астар, жеткілікті ылғал тартқыштың, ауа және бу өткізгіштік және кажетті жеңіл- пластикалық касиеттерге ие болуы тиіс. Астарға қойылған күрделі талаптар жинағы материалды, оның дайындалуы үшін тандауды киындатады. 9. Қорытындылар 1. Аяқ киім былғары үсті, пайдалану тозуының сипаты және кезеңі бойынша, сондай-ақ, кызмет ету мерзімі бойынша былғары ұлтанның тозуынан едәуір айрықшаланады. Былғары ақауларының негізгі массасынын иайда болуы материалдық калыңдығының өзгеруімен тікелей байланысты емес. Былғары ақауларының дамуының үдемелілігі пайда болу мерзімі және сипаты, колданылатын былғарының қасиетімен және түрімсн, аяқ киім құрылысымен, бөліктердің орналасуымен және пайдалану шарттарымен анықталады. 2. Хромды аяқ киім үстіңгі жағының кеңінен таралған акауларына, ережеге сай. Алғашқы кию кезеңінде-ақ пайда болатын беттік кабаттардың ақауларын жатқызуға болады: жабушы пленканың күйылып түсуі мен қажалуы, киілу кезінде күлшннің беткі қабатының айырылуы. Кейбір былғарылардан жасалған аяк киім үстінің акауларына, бастапқы қалыптың салыстырмалы түрде тез жоғалуы - тапталуы 179
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==