Былғарыдан жасалған бұйымдар материалдарын танудың зертханалық практикумы / И. К. Мараджапов.

Демек, былғарының сусорғыштығының зерттелуі стати- калыққа қарағанда үдемелірек болып табылады. Бұл, динамикалық зертгеудегі үлгінің механикалық әсерлерімен түсіндіріледі. Юфтінің сорғыштығы мағыналы мөлшерде оның өңделу әдісімен анықталады. 56-кесте Юфтінің сусорғыштығына әртүрлі өңдеулердің әсері (динамикалық шарттарды тексеру кезінде) Юфть Сусорғыштығы, мин Майланғанға дейін Майланғаннан кейін Хромтанидті илеу: Бірлік әдіс бойынша иленген 2,90-9,03 2,11-2,72 Хромалонмен иленген 11,20 20,90 Хромды иленген, өңделген: Акрильді эмульсия 56,19 20,76 336,00 210,80 Полиуретанды смола - 90,00 Хромалои 105,00 108,00 Кестеден байқағанымыздай, кіші дәрежедегі сусорғыштық сгандартты юфтімен салыстырғанда әртүрлі қоспалармен иленген хромды былғарыда бақыланады. Аяқ киімнің сорғыштығын сипаттау үшін пайдалану кезеңінде тәжірибелі юфтіге тексеріс жүргізеді. Мүндай тексерудің бірнеше әдісі белгілі. Шұлғаудың ауданын оқып үйренуде және ондағы пайда болған дакгардың сипатын оқып үйренуде негізделген әдіс, енбекті көп қажет етуіне байланысты кеңінен көп таралған жоқ. Кеңінен таралған эдіс киюшінің пікірі бойынша негізделеді. Алайда, көрсетілген әдіс аяқ киімнің әртүрлі бөліктерінің сорғыштығын бағалау мүмкіндігін бермейді. Бұл, әртүрлі былғарыдан жасалған бетгі аяк киімдсрді пайдалануда сусорғыштығы бойынша салыстырмалы берілгендердін соңғы уақытына дейін толығымен болмауын шарттастырады. 133

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==