Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу
Кез келген кеңейтуде жеңнің жоғарғы бөлігі кішкене өзгеріске ұшырайды, сондықтан жең түбі сызығын аздап түзеу керек, содан кейін жеңнің етек сызығын безеңдіреді. Жеңнің етек сызығын Ц нүктесінен шыққан радиуспен циркуль арқылы безеңдіреді, пішімнің кеңейтілген бөліктерін біріктіреді. Жеңді етегі бойынша кеңейту көзбен қарағанда жең түбінің кішіреюіне әсер етеді: жең неғұрлым кеңейсе, соғұрлым жең түбі кішіреді. Жең түзетуден өткен соң «қоңырау» пішініне ұқсайды. Функционалды жеңдер Функционалды жеңдер қарапайым жеңдерден өзінің конструкциясымен емес, тағайындалуымен ерекшеленеді, олар өзінің тағайындалуына сәйкес қозғалыс пен қолданылу ыңғайлылығын қамтамасыз етеді. Дегенімен, функционалды бөлшектердің пішіні және оның өзгеруі сән бағытына байланысты. Функционалды бұйымдарға бел деңгейінде аз қыналған жартылай қынамалы силуэтті бұйымдар, тік көйлек-жейделер немесе жоғарғы жағы кеңейтілген, бел сызығы бойынша кесілген бұйымдар жатады. Мұндай бұйымдардың жеңдері кеңірек, жеңұшы төменірек болады, олардың қолтық ойындылары да басқа пішінде болады. Функционалды бұйымдар мен жеңдердің сызбасы сәйкес пішімді бұйымның негізгі сызбасын тұрғызудан басталады, оған қажетті қосымшалар мен өзгерістер енгізіледі. Функционалды жеңдер қол аздап бүгіліп бөкседе тұрғанда дұрыс қондырмалы жеңнің түріне ие болады. Қол түсіріліп тік қалпында ортасына қарай бағытталған жең түбінің төменгі бөлігінде қыртыстар байқалады, олар жең түбінің қысқартылуынан пайда болды. Жең түбінің төмендеуі және жеңнің кеңейтілуі тығыз бір-бірімен байланысты. Жең түбінің төмендеуі әрқашан жең еніне берілетін қосымшаның бөлігін құрайды. Қолтық ойындысының еніне тең шама мұндай пішінді жеңдердің жең түбі биіктігінің шегі болып табылады, жең түбі бұл шамадан кем болмау керек, онда жең басқа конструктивті топқа ауысады. Сонымен, жең еніне берілетін қосымша тең: В ок - Ш пр , Мұнда В ок - негізгі сызбадағы жең түбі биіктігі; Ш пр - негізгі сызбадағы қолтық ойындысының ені. Жең түбінің төмендеу шамасы тең: В - Ш ок пр 2 Функционалды жеңнің пішімін тұрғызу үшін таза қағазға жартылай қынамалы жеңнің негізгі пішімін бастырады. Жеңді Р 1 Р 2 сызығы бойынша кеңейтеді (44, а- сурет), жаңа Р і ’ және Р 2 'нүктелерін алады. Содан кейін жең 68
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==