Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу
Бір тігісті жеңнің негізгі сызбасында артқы бойдың қолтық ойындысымен жанасатын П 3 (40-сурет) нүктесінде оны біріктіру арқылы ортаңғы тігісі бар жеңнің сызбасын тұрғызған жеңіл. Мұндай тәсіл жең ұшындағы бүкпенің ендігін оңай анықтауға мүмкіндік береді. Оны тұрғызу үшін бір тігісті жартылай қынамалы жеңнің сызбасын алады да, артқы бойдың қолтық ойындысындағы П 3 нүктесімен жеңнің П 3 нүктелерін (жеңді қондыру кезіндегі жанасатын нүктелері) сәйкестендіріп оны үстіне қояды. Жең түбінің жоғарғы бөлігі жең түбінің ең биік нүктесіне дейін қолтық ойындысының шегінен шығып кетеді. Бұл жеңнің шынтақ бөлігі жағынан жең түбінің қолтық ойындысынан ұзын кесінді болып табылады. Бұл кесіндіні өлшеп, оны жең түбінің ең биік нүктесінің оң жағына өлшеп белгілейді. Осылай жеңнің алдыңғы бөлігінің қондырылу шамасын табады. Содан кейін жеңнің енін өлшеген сызықта ортаңғы сызықтың әрбір жағынан 0,5 см өлшеп 1 және 2 нүктелерді алады (41-сурет). Ортаңғы сызықтың шынтақ сызығы деңгейінде орналасқан нүктені 1 және 2 нүктелермен біріктіреді және сызықты П 3 П 6 сызықта орналасқан 3 және 4 нүктелерге дейін жалғастырады. 3-4 кесінді 1-2 кесіндісінен 0,5 см-ге ұзын, яғни бүкпенің жалпы ендігі 1,5 см құрастырады. Содан кейін пішінді лекал арқылы 3 және 4 нүктелерді жең түбі сызығында орналасқан 5 және 6 нүктелермен біріктіреді. Мұндай конструкциялы екі тігісті жеңнің негізгі сызбасы арқылы жең түбінде бүкпесі бар бір тігісті жеңді тұрғызу оңай (42-сурет). Ол үшін бүкпе ендігін әрбір жағынан 0,7 см-ге азайтады, яғни жеңді кеңейту үшін берілген қосымшаны арттырады. Бүкпені П 3 П 6 сызығына дейін жеткізбей, ортаңғы сызықта аяқтайды. Етегі кеңейтілген бір тігісті жеңдер Етегі кеңейтілген бір тігісті жеңдердің пішімдерін алу үшін жең түбі бойынша бүкпесі бар жеңнің сызбасын алады (43, б-сурет). Содан кейін жеңді ортаңғы сызық бойынша қиып, бүкпені жаба отырып, оны қалаған шамаға кеңейтеді. Жеңді кеңейту үшін жеңнің етек сызығы бойынша шынтақ және алдыңғы қиық жақтардан 1-2 см-ден қосады. Бүкпесі жабылып кеңейтілген жең сызықтарының қиылысуы П 3 П 6 сызығынан жоғары болуы қажет, яғни ені бойынша өзгеруге жатпайтын аймақтан жоғары болу керек. Жеңнің ең аз кеңею шамасы адамның қалауы бойынша болады (43, а-сурет). Жең түбіндегі бүкпе аздап лекалда қалады, бірақ оны бұйымға қондыру кезінде жең түбіне қондырады. Мұндай жеңдер көбіне спорттық киімдерде оңтайлы. Жең түбі бойынша бүкпе толық жабылғанда, тіпті екі бөлік жоспарланған қонымдылықтың шамасына бір-біріне кіріп тұрғанда жеңнің максималды кеңеюі болады (43, в-сурет). Бірақ жең түбінің ең биік нүктелері О 1 және О 2 бір-бірінен 2 см-дей арақашықтықта болуы керек. П 3 Ц-П 6 Ц сынық сызығы жең енінің сызығынан (Ц нүктесі) төмен болмауы керек. Етек сызығы бойынша жеңді әрбір жағынан 2-4 см-ге кеңейтеді. 66
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==