Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу
Ш п = Ш г + (С гп - С гі ) + П ш.п ; Ш п = 17,3 + (50,4 - 45,9) + 1 = 22,8. Артқы бойдың ені, см: Ш сп = Ш с + Ш ш.с ; Ш сп = 18,3 + 1,2= 19,5. Қолтық ойындысының ені, см: Ш пр d -п.з.р + П ш.пр Ш пр = 11 + 3 = 14. Жеңнің ені, см: Ш рук = О п + П о.п ; Ш рук = 30,3 + 6 = 36,3. Бұйымның кеуде сызығы бойынша ені, см: Ш изд = Ш сп + Ш пр + Ш п ; Ш изд = 19,5 +14 + 22,8 = 56,3. Тік силуэтті бұйымның негізгі сызбасын құрастыру үшін денебітімнің өлшемдерін және «Қынамалы силуэтті бұйымның бел сызығындағы бүкпелер» бөлімдегі қынамалы силуэтті бұйымдардың негізгі сызбасының есебін қолданады. Артқы бойдың ортаңғы сызығын құрастыру. Артқы бойдың ортаңғы сызығын құрастыру денеге бұйымның қонуына әсер етеді. Артқы бойдың пішініне бұйымның силуэтін таңдау байланысты. Дененің толықтығын нақты анықтау үшін бөксе айналымының жартылай өлшемі С б және жауырынға жанасатын жазықтыққа қатысты екінші бел тереңдігі Г т ц көмектеседі. 1-толықтықтағы денебітімдер Гти және Г й өлшемдері арасында теріс айырма бар, см: Г ти - Г ті = 4,8-5,2 = -0,4. 1- толықтағы денебітімдер үшін сызбаны құрастыру кезінде артқы бойдың ортаңғы сызығын бөксе сызығында оңға қарай 0,4 см ауытқытады немесе алғашқы тік сызық бойынша өтеді. 4-толықтықтағы денебітімдер Г т ц және Г т і өлшемдері арасында оң айырма бар, см: Г тіі - Г ті = 6,6-4,9 = 1,7. 4-толықтықтағы денебітімдер үшін бұйымның сызбасын құрастыру кезінде артқы бойдың ортаңғы сызығы Б нүктесінен солға қарай 1,7 см (Б 1 нүктесі) ауытқиды, яғни 3 және 4 толықтықтар үшін етегі тартылған тік силуэт ұсынылмайды. Артқы бойдың ортаңғы сызығын а мойын нүктесі, Б 1 нүктесі және әрі қарай етек сызығына дейін жүргізіледі (31-сурет). 46
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==