Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу

аралықты көлденең өлшейді. Бел сызығының нақты деңгейі өте маңызды: бел сызығы бұйымның жоғарғы және төменгі бөліктері арасындағы шекара болып табылады, оның дұрыс деңгейінен денебітімдегі бұйымның жақсы қонымдылы байланысты. Денебітімнің толықтығы іштің шығыңқылығының есебімен өлшенген бөксе айналымын үшінші кеуде айналымымен үйлестіру арқылы анықталады. Қазір бұйымның толықтығын таңбалауда белгілейді: М - кішкене, С - орташа, Б - үлкен. Мұндай белгілеу денебітім өлшемін айқын анықтамайды, себебі әріптер нақты мәлімет бермейді. Типтік денебітімдердің жаңаша жіктелуі, ең бастысы, тігін бұйымдарын жетекші өлшем белгілері бойынша жаңа таңбалау сатып алушыға бұйымды өзіне сәйкес оңай таңдап алуына көмектеседі. Антропологтар төрт толықтық топтарын бөлді. 1-толықтық топқа үшінші кеуде айналымы мен іштің шығыңқылығының есебімен өлшенген бөксе айналымының айырмасы 4 см, 2-ге - 8см, 3-ге - 12 см, 4-ге - 16 см жатады. 3 кесте- 48 өлшемдегі денебітім үшін: Толықтық топ О гііі О б О б - О гііі 1-і 96 100 4 2-і 96 104 8 3-і 96 108 12 4-і 96 112 16 Жаңа типология бойынша толықтық топтың төртеуі 44-52 өлшемдегі топта ғана бар; 54-60 өлшемдегі топта - екі толықтық (2 және 3), ал үлкен өлшемдегі топта 62-68 - тек бір ғана толықық (2). Денебітімнің сызбалық суретінде (14 сурет) денебітімнің 1-ден 4-і толықтыққа дейін өзгеруі алдынан және бүйірінен көрсетілген. 14-суретте қалың сыртқы сызықпен 4-толықтық барлық параметрлері бойынша көрсетілген. Тек иық биіктігі көрсетілмеген. 4-толықтықтың иық биіктігі суреттің ішінде көрсетілген. Ішкі сызық 1-толықтықтағы денебітімді анықтайды. 2 және 3 толықтықтың денебітімдері суреттің ішінде. Үшінші кеуде айналымынан басқа, толықтықты анықтайтын барлық параметрлер өзгеріске ұшырайды. ГҰ бойдағы 48 өлшемнің 1 және 2 толықтықтағы әйелдің типтік денебітімінің абсолютті өлшем белгілерінің шамасы 2-кестеде көрсетілген. 3-кестеде 56 өлшемнің 2 және 3 толықтығындағы және 64 өлшемнің 2 толықтығындағы толық әйелдер денебітімдерінің абсолютті өлшем белгілерінің шамалары келтірілген. Бұл денебітімдердің толықтығы да бөксе айналымының шамасымен анықталады: 56 өлшемнің 2 толықтық тобының 17

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==