Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу

Биік тіктеме (3-3,5 см) қатал түрді мойынға қынамалы жағаларға тән және, керісінше, биік емес (2,5 см дейін) кемірек қаталды тіктемелді мойынға жартылай қынамалы жағаларға тән. Лацканның қайырылу сызығының төменгі жағы (Л нүктесі) өңір шеті сызығындағы бірінші ілмектің 0,5 - 1 см.жоғарғы жағында орналасады. Л және З нүктлерін тік сызықпен қосып, лацканның қайырылу сызығын анықтыймыз. Лацканның қайырылу сызығына параллельді мойын ойындысына жанама қосымша сызық жүргізіледі, иық сызығымен қиылысқан нүкте - Ф 5 , мойын ойындысымен жанасу нүктесі Ф 4 . Ф 5 нүктесінен жүргізілген жанама сызық бойынша Ф 5 З 1 кесіндісін сызамыз. Ф 5 З 1 = l горл.спинки + 0,5 Ф 4 (мойын ойындысымен жанасу нүктесі) орталық нүктесі секілді З 1 нүктесінен солға қарай доға жүргізіледі. З 1 З 2 = 1 ... 3 см. - тіктемесі биік қатал түрді жағаларға; 3 1 З 2 = 3,5 .... 7 см. - биік емес жазық түрді жағаларға. 3 2 нүктесінен мойын ойындысына жанамалы сызық жүргізіледі - жағаның қондыру сызығы. Қатал түрді жағаларға осы сызық жағаның қондыру сызығы болып келеді, басқа түрді жағаларға жанама сызық 0,5 - 0,7 см. майысумен сызылады (23 сурет, б). З 2 нүктесінен қондыру сызығына перпендикуляр тұрғызылады. Осы перпендикулярда, үлгіге сәйкес ортасындағы жағаның ені сызылады. Жағаның аяғынан лацканың кайырылу сызығына дейінгі ара қашықтық раскеп деп аталады. Үлгіге байланысты раскеп кішкене (0,5 - 2,5 см), орташа (3-5 см) және маңызды мөлшерді (5,5-8 см) болуы мүмкін. Раскеп деңгейі, сәнге сәйкес, қалыпты, биік және аласа болуы мүмкін. А 5 А 6 = төмен қарай 0,5....1 см. - раскеп деңгейі қалыпты жағаларға; А 5 А 6 = жоғары қарай 0,5....1,5 см. - раскепі биік жағаларға; А 5 А 6 = төмен қарай 1,5..3 см. - раскепі аласа жағаларға; Өңірдің үлгілеу кезінде пайда болған алдыңғы жаға бұрышына отлет сызығын қосылады. 153

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==