Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу

Қайырмалы жағалар. Қайырмалы жағалар тіктеме биіктігі бойынша қайырмалы-тік және жайпақ жағаларға бөлінеді. Қайырмалы-тік жаға адам пішінінің мойынын және иығын киіндіреді. Қайырмалы жаға мойын маңайында орналасқан тіктемеден және иықтың үстінде жататын отлеттан тұрады. Жайпақ жағада тек қана отлет бар. Қайырмалы-тік жағаларды негізгі сызбадан бөлек, жайпақ жағаларды бұйымның сызбасында сызу жөнді болады. Жағаларды негізгі сызбадан бөлек сызылуы келесі жолмен орындалады. Тік бұрыш сызылады, бұрыштың төбесі О нүктесі (19 сурет, а). О нүктесінен жоғары тіктеменің биіктігін және түрін анықтайтын ОВ кесіндісі сызылады. Жағаның барлық ұзындығы бойынша мойынға тақалып тұрған тіктемесі биік (3,5 - 4 см.) жағаларға ОВ = 1,5 - 3 см. Жағаның барлық ұзындығы бойынша мойынға азырақ тақалып тұрған тіктемесінің биіктігі азырақ (3 см. дейін) жағаларға ОВ = 4 - 6 см. (19 сурет, б). 145

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==