Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу

Содан соң, алдынғы (РпМ 1 ) және артқы (РлМ 2 ) иіліс сызықтары бойынша жеңді ашамыз. РпР 1 = РпО 1 (Г 2 ); М 1 М 3 = М 1 М; РлР 2 = РлО 1 (Г 2 ); М 2 М 4 = М 2 М. М 1 нүктесінен жоғары, М 2 нүктесінен төмен 0,5 см. белгілейміз: М 1 М 1 ' = М 2 М 2 ' = 0,5 - 1 см. Астынғы сызықты М 4 , М 2 ', М, М 1 ', М 3 нүктелері арқылы безендіреміз. Р 1 М 3 және Р 2 М 4 нүктелерін тік сызықтармен қосамыз. Тік түрді жеңнің сызбасында Р 1 және Р 2 нүктелері, тарылтылған жеңдерде Р 11 және Р 21 нүктелері алдынғы және шынтақ сызықтардың басы болып саналады. Р 11 нүктесі Рп нүктесінен РпМ 1 сызығына тұрғызылған перпендикуляр сызығымен, Р 1 М 3 сызығының қиылысқан жерінде орналасады, ал Р 21 нүктесін Рл нүктесінен РлМ 2 сызығына тұрғызылған перпендикуляр сызығымен Р 2 М 4 сызығының қиылысымен табамыз. Доға сызығын безендіру үшін: Р 2 6 = Р 2 Р 3 ' / 2; 6 - 7 = 0,5 ... 1,5 см. Р 1 (Р 11 )8'1' және Р 2 (Р 21 )7 Р 3 ' нүктелерді жайлап доғаның жоғарғы бөлігінің сызығына ауысатын сызықтармен қосамыз. Жағалардың сызбаларын тұрғызу Жағалар киімнің маңызды бөлшегі. Олар бұйымның негізгі үлгілік ерекшелігі боп келеді және функционалды (қорғау) және эстетикалық тағайындауды болады. Технологиялық өңдеу амалдарымен, кіретін бөлшектер санымен (астынғы, үстінгі жағалар, желімдік және т.б.), көлемімен, түрімен айырықшаланатын жағалардың түрлілік конструкциялары өте көп. Жай жағаларды қарап шығайық: қайырмалы, жайпақ, тік, пиджак түрді, шәлі жағалар. 143

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==