Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу
Өңірді тұрғызу. Өңірдің безендіруі және ені түймеліктің шешілуіне байланысты (қаусырылатын бір, екі өңірлі, түйіскен, планкалы және т.б.): • түйіскен түймеліктерде Шб = 0 см; • сыдырма ілгекті түймеліктерде сыдырма түріне және тігу амалына байланысты өңірдің ені 0 см жоғары беріледі; • бір өңірлі түймеліктерде Шб = (% тен 1) d түйме + 1 см.; • ені өңірлі түймеліктер бір өңірлі түймеліктерден ені екесе көп болады; • планкалы түймеліктерде Шб = планканың ені / 2 (жеңіл киімдерде - 2,5 - 3,5 см; сырт киімдерде - 3,5 - 7 см.). Сызбаны А 5 нүктесінен тік сызығы бойынша жоғары және төмен, мойын ойығын, үлгі бойынша, түсуін немесе өрлеуін анықтайтын (А 6 ) кесіндісін белгілейуінен бастаймыз (13 сурет). Түймелігі үстіне дейінгі бұйымдарға А 5 А 6 = 0,5 см. - жеңіл көйлектерге және А 5 А 6 = 1 см. - сырт киімдерге. А 6 нүктесінен оңға қарай А 6 А 7 кесіндісін сызамыз: А 6 А 7 = 0,5 - 0,7 см. - түймелігі үстіне дейінгі бұйымдарға; А 6 А 7 = үлгі бойынша - өңірдін үсті қайырмалы бұйымдарға. А 7 нүктесінен оңға қарай лацкан (өңір қайырмасы) сызамыз. Оның түрі, ені сәнге байланысты. Өңір сызығы тік сызықпен сызылады, төмен жағы үлгі бойынша тұзу, дөңгелектеніп немесе қиғаштанып безендіріледі. Түймелігі үстіне дейінгі бұйымдарда өңір шеті өңірдің ортанғы сызығына параллельді сызылады. 130
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==