Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу

Қалып келтіретін элементтерді безендіру. Бүйір тігісінің тұрғызу ерекшеліктері. Бүйір тігісінің орналасуы және безендіруі бұйымның түріне байланысты (12 сурет). Бүйір тігісі түрлі деңгейлерде анықталады: қолтық ойындысында, бел, бөксе, етек сызықтарында. Бүйір тігісін, шеткі сол жақта, Г 1 нүктесі арқылы немесе артқы бойға 0,5 - 1,5 см. шығып орналастыруға болады. Бірақ, көбінесе Г 1 нүктесінен оңға қарай орналасады: Г 1 Г 2 = (0 ден 0,5 см. дейін) * Г 1 Г 4 . Бұйымның артқы бойы тұтас болған кезде, бүйір сызығы тік тұрғызылады. Артқы бойдың ортанғы сызығы бар бұйымдарда, бүйір тігісі Г 2 және Б 2 нүктелері арқылы тұрғызылады: ББ 2 = ГГ 2 + (ББ 1 - Гг / 2). Тік силуэт. Бүйір сызығы: Г 1 Г 2 = (0 ден 0,5 см. дейін) * Г 1 Г 4 ; Артқы бойдың ені: Н 1 Н 2 = гГ 2 + (0 ден 2 см.); Алдынғы бойдың ені: Н 3 Н 5 = Г 3 Г 2 + (0 ден 2 см.). Бүйір сызығы сызылғаннан кейін, бұйымда негізгі түрде бөксе сызығы бойынша ені тексеріледі: Б 1 Б 2 + Б 3 Б 4 > Сб + Пб. Егерде, сызу нәтижесінде шығарылған көлем есеп санынан аз болса, жетіспейтің көлемді бөксе деңгейіндегі енге қосамыз да жаңа бүйір сызықтарын сызамыз. Трапеция силуэті . Бүйір сызығы әрқашан Г 2 нүктесінен сызылады. ^Н | Н 2 = гГ 2 + (3 см. ден 15 см. дейін); 128

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==