Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу

тұйықталу қажет. Таспаның жоғарғы шеттерінде белгілер қояды: алдыңғы жақтан - кеуде безінің шығыңқы нүктелерінің үстінде, арқада - омыртқада және жауырында. 15 2 Екінші кеуде айналымы О гіі Таспаны жауырынға қояды. Таспа жоғарғы шеттерімен қолтық асты ойындысының артқы бұрыштарын жанап өтіп, арқада көлденең өтіп, содан кейін қолтық асты ойындысымен қиғашынан өту керек. Алдыңғы жақтан таспа кеуде безінің негізгі үстімен өтіп кеуденің оң жағында тұйықталу қажет. Бірінші және екінші кеуде айналымдарын арқа бойынша таспаны қозғалтпай бірінен кейін бірін өлшеу керек. 16 2 Үшінші кеуде айналымы О гііі Таспа кеуде безі нүктелері арқылы тұлғаны айнала көлденең өтіп, кеуденің оң жағында тұйықталу қажет. 17 2 Төртінші кеуде айналымы Orf v Таспа кеуде безінің негізі үстімен тұлғаны көлденең айнала өтіп, кеуденің оң жағында тұйықталу қажет. 18 2 Бел айналымы О т Таспа бел сызығы деңгейінде тұлғаны көлденең айнала өту қажет. 19 3 Іштің шығыңқылығы есебімен өлшенген бөксе айналымы О б Таспаны бөксе нүктелеріне қояды. Таспа алдыңғы жақтан іштің шығыңқылығының есебі үшін ішке тік қойылған иілгіш қабат арқылы өтіп, тұлғаны айнала көлденең орналасу қажет, тұлғаның оң жағында тұйықталады. 12

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==