Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу

Артқы бойдың ортанғы сызығы, бел және етек сызықтары. Артқы бойдың ортанғы сызығын жылжыту бүйір тігісінің аймағында жылу-дымқыл өндеу операцияларын азайту және силуэтқа байланысты артқы бойдың ортанғы сызығының жақсы отыруы үшін керек. Артқы бойдың ортанғы сызығының конструктивті шешілуі 10, 11 суреттерінде көрсетілген. 10 суретте, артқы бойдың ортанғы сызығының конструктивті шешілуінің келесі түрлері көрсетілген: а) тік қалыпты, артқы бойда ортанғы сызығы жоқ бұйымдар; б) артқы бойда ортанғы сызығы бар бұйымдар; в) қынамалы және жартылай қынамалы ортанғы сызығы бар бұйымдар. 11 суретте, артқы бойдың ортанғы сызығының конструктивті шешілуінің келесі түрлері көрсетілген: а) шлицасы бар бұйымдар; б) етек жағы кеңейтілген бұйымдар; в) трапециялы, кең бұйымдар. 8 кестеде артқы бойдың түріне қарай ортанғы сызығының жылжыту мөлшерлері беріледі. і24

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==