Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу

Егер кеуде бүкпесі әдемі орналасқан екі бүкпеге бөлінсе, бүйір қиығынан басталатын кеуде бүкпесі әрлеуіш болып пайдаланылуы мүмкін (67, б-сурет). Мұндай бүкпелер кеуденің биік дөңес сызығын жасап, көзбен көргенге кеудені көтереді. Үлгіде мойын ойындысы тұсында күлтелену қарастырылса, нымшаның негізгі жіпке қиғаш пішілуі қолданылады. IV бөлім. ЕРЛЕР ИЫҚ КИІМІНІҢ НЕГІЗГІ СЫЗБАСЫН ТҰРҒЫЗУЫ ЖӘНЕ КОНСТРУКТИВТІ ҮЛГІЛЕУІ Ішкі және сыртқы өлшемдер тең емес. Киім адам денесіне кейбір жерлерде тиіп, кейбір жерлерде бос жатады. Киімнің денеге тиіп тұрған жері тірек беті деп аталады. Оған сырт киімдердің мойын ойындысы, иық жағы, кеуде беті, арқа жағы жатады. Киімнің ішкі өлшемі мен сол жердегі дененің өлшем аралығы қосымша деп аталады. Сонымен, қосымша - киімнің көлемі адам денесінен артып кетуі. Қосымша П әріпімен белгіленеді. Үлкен әріптің оң жағында кіші әріптермен қосымша берілетін жер белгіленеді. Мысалы, Пг - кеуде деңгейіндегі енге берілетін қосымша. Кеңдікке берілетін қосымшалар киім формасын құрылуында анықтау факторларының біреуі боп келеді, сондықтан олардың дұрыс таңдалуы жобаланатын форманың конструкциясын ең аз шығындармен және дәл тұрғызуға мүмкіндік береді. Киім конструкциясындағы қосымшалар адамның бос қозғалысын және модель мен силуэтке сәйкес сәнді-конструкторлық талаптарын орындауды қамтамасыз ету үшін беріледі. Кеңдікке берілетін қосымшалар техникалық (Птех) және декоративі- конструкторлық (Пд.к.) болып бөлінеді. Техникалық қосымша (Птех.) - ағзаның қарапайым тіршілік етуін, дем алуын, қозғалуын, жылу айырбастығы үшін ауа қабатын қамтамасыз етеді (көйлекке әрқашан 2 см., жакетке - 3 см., пальтоға - 4 см.). Декоративі-конструкторлық қосымша (Пд.к.) - киімді декоративі- конструкторлық безендіру үшін қолданылады (0-дан 20см-ге дейін). Пд.к. тұрақты емес: киім түріне, пішініне, үлгі композициясына, силуэтіне байланысты болады.. 110

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==