Мокеева Н.С. Тігін кәсіпорындарын жобалау
Барлық төсемдерді орындауға кететін уақыт шығыны құрайды : Т Д = К Н ДЕФ. ∙ Н ВР. , (12.10) мұндағы, Н ВР - бір төсемді орындау және оны пішу уақытының нормасы, сек ; Сонда ақаулы маталарды кесуге арналған жұмысшылар саны (және тиісінше, Д үстелдерінің саны) К Р Д формуламен анықталады: Д = К Р ДЕФ. = Т Д ∙ , (12.11) мұндағы , Т Д - ақаулықтары бар материалдардың төсемдерін өңдеуге жұмсалатын уақыт шығыны, сек; R - ауысымның ұзақтығы, сек; n - ауысым коэффициенті. 12.4.4 Пішу цехының жалпы ауданын есептеу Fрц Пішу цехының жалпы ауданы формула бойынша есептеледі: F РЦ = F ЗАГР + F НАСТ + F ВЫРЕЗ + F НУМ + F КОМПЛ + F ПЕЧ + F СКЛ.КР + F МАРШ + F ВЦ (12.12) мұндағы, F ЗАГР - бумаларды сақтауға және төсем машиналарына жүктеуге арналған жабдықтармен қамтылған алаң, м 2 . Бұл аймақ жабдықтың техникалық сипаттамасында көрсетілген өлшемдер (габариттер) бойынша орнатылады . F НАСТ - төсемдік үстелдермен қамтылған аймақ (ол төсем аймағын және пішу алаңын біріктіреді), м 2 ; F ВЫРЕЗ - таспа машиналарында бөлшектерді кесу аймағының ауданы, м 2 ; F НУМЕР - бөлшектерді нөмірлеу алаңы, м 2 ; F КОМПЛ – қиманы жиынтықтау алаңы, м 2 ; F ПЕЧ –таңбашалар мен бақылау ленталарын басып шығаруға аймақ ауданы , м 2 ; F СКЛ.КР –қиманы сақтауға арналған қойма ауданы, м 2 ; F МАРШ - маршрутқағаздарын шығару алаңының ауданы, м 2 . Сонда егер кәсіпорында маршрут қағаздары ДК арқылы басып шығарылса , маршрут қағаздарын алу үшін арналған аймақ жобаланбайды ; F ВЦ - ДК орналастыру алаңы, м 2 . Бұл аймақ егер кәсіпорын «Пішуді жоспарлау» бағдарламасын қолданса жобаланады. Аудан ДК габариттерімен және оның сыртқы құрылғыларымен анықталады.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==