Мокеева Н.С. Тігін кәсіпорындарын жобалау
Кран–штабелер КШП– 125 Поддон У27 – 71 Электртиегіш ЭП – 103 Поддон У27 – 71 Электртиегіш ЕВ 631 – 6 Арба ТО – 4 Сұрыпталған материалдарды сақтау аймағына жеткізу Тельфер Едендік айырлы штабелерТШП 89 Науалық арба У24 – 71 Манипулятор ШБМ – 150 Штабелер ШМГ – 250 Материалдарды пішу цехына жеткізу Монорельстіжол Лифт Жақында ШБМ - 150 манипуляторы отандық тігін өндірісінде қолданыла бастады. Бұл құрылғы жүк массасы қозғалтқыштың күштерімен теңестірілетін қолмен басқарылатын манипуляторларға жатады, ал оператордың үлесіне ұстау бағытының операциясы қалады . Жұмыс реті келесідей. Сұрыптау аймағына электртиегіштеподдондасұрыпталмаған мата орамдарын әкеледі. Жұмысшы манипулятордыңұстауы көмегімен орамның бірін алады, оны өлшем үстелінде орнату орнына әкеледі, орамға металл өзек (стержень) қояды және өлшеу үстеліне орналастырады. Қызметкер матаны өлшеп жатқанда, манипуляторды екінші жұмысшы екінші өлшеу үстелінде (немесе ақау - өлшеу машинасында) пайдаланады. Мата орамын өлшегеннен кейін сол ұстаудың көмегімен жұмысшы орамды үстелден (машинадан) алады және оны тасымалдау - жинақтағыш арбаға төсейді. Бұл еңбек өнімділігін арттыруға, оның жағдайын жақсартуға және қосалқы жұмысшылар санының азаюына әкеледі. Дайындық цехында тасымалдау жұмыстарын механикаландыруда Мәскеудің «Вымпел» ПШОжұмыс тәжірибесі ерекше қызығушылық тудырады. Кәсіпорынның КБ мамандары елеулі экономикалық тиімділікті қамтамасыз ететін автокөліктер кешенін жобалады және әзірледі. Олардың ішінде материалды сұрыптағаннан және өлшегеннен кейін пайдаланылатын тасымалдау құралдары туралы айтуға болады. Машинаға тікелей жақын жерде орналасқан , басқару пультінен оператор бөлікті өлшегеннен кейін , автоматты арбаны шақырады . Арба өлшем құрылғылары және 3 жинақтағыш жанында орналасқан жолдар бойынша (рельс) қозғалады. Автоматты арбақұрылғыға жақындағанда, оператор қолдың жеңіл қозғалысымен оған орамды итереді және басқару пультінде үш
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==