Мокеева Н.С. Тігін кәсіпорындарын жобалау
орнатылады. Фирманың поддондары мен сөрелері жеткізілмейді, бірақ оларды дайындауға арналған сызбалар ғана беріледі. Бұл аймақта ДК орнатылады, оның көмегімен барлық түскенматалартіркеледі . ДК - ге енгізіледі : - мата жеткізушісі; - матаның түрі (кодталған түрінде); - партияның түсу және жеткізу мерзімділігі; - тасымалдау құралдары; - жөнелтпе құжат реквизиттері. Содан кейін орамнан шығарылған материал электржүктеуші арқылы сұрыптауға тасымалданады. Поддоннан орамдарды түсіру және оларды сұрыптау құрылғыларына тиеу қозғалатын электрлік крандар - еденге орнатылатын арнайы манипуляторлар көмегімен жүзеге асырылады. Материалдарды сұрыптау матаның ұзындығы мен енін автоматты түрде өлшейтін сұрыптау машиналарында сұрыпталады, ақаулардың орнын автоматты түрде белгілейді. Сонымен қатар бұл машиналарда матаның желімденуін алуға арналған құрылғы болуы керек, станокқа бекіту алдында екі орамның ұштарын қосу үшін қолмен тігетін арнайы машина болу керек . ДК басып шығаратын құрылғы автоматты түрде бөлшек төлқұжатын толтырады, ол орамаға «пистолет» арқылы бекітіледі. Сұрыпталған материал орамдары электр арбаларына орналастырылып, олар қойма және сақтау аймағына тасымалданады, олар ұяшық сөрелерге жүктеледі. Арбалар магниттік жолдармен қозғалады, олар ДК - ден басқарылады. Оларда оператор мен орамға арналған контейнер үшін қозғалмалы платформа бар. Цех осындай екі арбаны қажет етеді: біреуі сөрелерді жүктеу үшін, екіншісі пішу цехына жіберілетін сұрыпталған мата үшін . Сұрыпталған маталарды сақтау қоймасындаекінші компьютер орналастырылады, оның көмегімен сақтауды, матаны пайдалану және оны пішу цехына беру бақыланады. ДК - ге сұрыпталған маталар туралы мәліметтер енгізіледі: - артикул; - әрбір артикулдың мата саны; - сақтау мекен - жайы (ұяшық нөмірі); - әрбір артикулдың мата шығыны. Бұл кез - келген уақытта материалдардың қол жетімділігі мен тұтынылуы туралы ақпаратты уақтылы алуға мүмкіндік береді. Сол ДК жоғарыда талқыланған материалдарды тасымалдауға арналған электр арбаларының жұмысын бақылайды. Пішу цехында бір есептеу үшін таңдалған орамдар бір жүк көтергіштері бар осы арбаларда тасымалданады. Егер пішу цехында төсем машиналары пайдаланылса, онда дайындық цехында матасұрыпталғаннан кейін диаметрі 45 мм
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==