Мокеева Н.С. Тігін кәсіпорындарын жобалау

11 АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ЕНГІЗГЕНДЕГІ ДАЙЫНДАУ ЦЕХЫНЫҢ ЖОБАЛАНУЫ 11.1 Автоматтандырылған операцияларды енгізу кезінде дайындық цехындағы технологиялық процестің сипаттамасы Дайындық цехында жұмысты ұйымдастыру Дайындау - кесу өндірісі (ДКӨ ) өндірістік алаңдардың шамамен 20- 25% - ын алады, ал бұйымның түріне байланысты дайындық - пішу жұмыстарына жұмсалған еңбек шығындары бұйымды өндіруге жұмсалған жалпы еңбек шығындарының 7 - 12% құрайды. Дайындау - кесу жұмыстарын механикаландыру деңгейі өте төмен және 20 -30% құрайды, ал тігін шеберханаларында ол 55 - 80% жетеді. Сондықтан тігін өндірісі кәсіпорындарыныңдайындау - кесу өндірісі учаскелерін механикаландыру және автоматтандыру деңгейінің артуы бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. ДКӨ ұйымдастыру - техникалық деңгейін жоғарылатудың ең тиімді әдістерін таңдау үшін жабдықты, технологияны және өндірісті ұйымдастыру әдістерінің прогрессивті дәрежесін сандық бағалауды жүргізу қажет. Кейбір авторлар [45] ДКӨ ұйымдық және техникалық деңгейін бағалау үшін екі топқа біріктірілетін тоғыз көрсеткішті қолдануды ұсынады. Бірінші топқа өндірістің техникалық деңгейінің көрсеткіштері кіреді, екінші топ еңбек пен өндірісті ұйымдастыру деңгейінің көрсеткіштерін қамтиды. 11.1 кестеде көрсеткіштердің есептік мәндерін көрсетілген :

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==