Мокеева Н.С. Тігін кәсіпорындарын жобалау

4. Ықтимал өзара кедергінің алдын алатын жұмыс орындарының арасында жеткілікті қашықтық болуы керек. 5. Қысым тұрақтандырғышты пайда болатын магнит өрісі және жылу бөлінетіндіктен ғимараттың сыртына, ДК тұрған жерге орналастырған дұрыс. 6. Осы бөлмеде ауа кондиционері үшін орын қарастыру қажет. Жиһаз жиынтығына лекалдарды тексеруге арналған көмекші үстелді қарастыру қажет. Және де магнит дискілерін, жүйе құжаттарын, нұсқаулықтарды сақтауға арналған шкаф қажет. 7. Тегіс графоқұрастырғыш (плоттер) бөлек бөлмеде (немесе бөгеттің артында) орнатылуы керек,ол шудың жоғары деңгейін тудырады және үлкен жалпы өлшемдерге ие болғандықтан. Тегіс плоттер қағаз орамының ауыстырылуына кедергі келтірмеу үшін, өз айналасында үлкен кеңістікті қажет етеді. Плоттерді орнатқан бөлмеде қағаз орамдарын кіргізу үшін жеткілікті өлшемде екі жаққа ашылмалы есіктер болуы керек. 8 . Бөлме температурасы 15 - 30 ° С аралығында ұсынылады. Оңтайлы t = 21 ± 30С. АЖЖ - К тобында жабдықтардың жоспарлану мысалы 10.1 суретте келтірілген. Сурет 10.1 – Киімді автоматты түрде жобалаудың жүйе жабдықтарының орналасу сызбанұсқасы. 1 - суретші - модельердің жұмыс орны (Скетчинг жүйесі); 2 - графикалық ақпаратты енгізу үшін құрылғы (дигитайзер ); 3- лекалдардардың көбеюі және лекалдардың жаймаларының орындалуы үшін графикалық жұмыс станциясы; 4, 5 – лекалдар жаймасын қағазға сызу үшін және лекалдарды картоннан және пластиктен кесу үшін графоқұрастырғыш.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==