Мокеева Н.С. Тігін кәсіпорындарын жобалау
дискілерді зақымдауы мүмкін. Сол себепті, бөлмеде терезелер де болмағаны дұрыс . Еден антистатикалық материалдан жасалған болуы керек. Кілемдерді қолдану рұқсат етілмейді, аз дегенде, жүйе жабдығы айналасында 2 м радиуста болу керек. Цемент едендері ұсынылмайды, керамикалық плиталар қолданылуы мүмкін. Еден плиткалары 60 × 60 см аспайтын және металл немесе ағаш материалдан жасалған, винил немесе басқа антистатикалық материалмен жабылуы мүмкін. Сондай - ақ, көтеріңкі «жалған» қабатты еден (20- 30 см) орнату ұсынылады , ол мыналарға мүмкіндік береді: - еден астында сымдарды шектеусіз орындауға; - сымдар барлық залды немесе есікті кесіп өту керек болғанда сымдарды қорғауға байланысты проблемаларды шешеді; - жабдықтардың қозғалысын салыстырмалы түрде жеңіл және шығынсыз орындауға мүмкіндік береді, өйткені сымдар еденнің астында еркін күйде қалады және керек бағытқа оңай бағытталуы мүмкін; - компьютер бөлмесінің сыртқы көрінісін жақсартады. Бөлмеде жарықтың қалыпты деңгейі қарастырылуы керек. Жарық экрандарды қоспағанда, жабдықтың әр түрінің алдыңғы және артқы бөліктерін, жарық пен шағылыстың пайда болуын болдырмау үшін, тікелей жарықтандыруға ұшырату ұсынылмайтын экрандарды қомпғанда, біркелкі жарықтандыратындай түсуі керек. Залдың шамалы жарықтандыруы шамамен 400 люкс болуы керек. Жарықтандыру желісінің электр сымдар жүйесі жүйенің қуаттандыру желісінен бөлек болуы керек. АЖЖ - K тобында жабдықтарды оңтайлы жоспарлау үшін келесі талаптар бар: 1. ЦПУ - мен перифериялық құрылғылардың барлық байланыс сымдары қуат көзінің сымынан кемінде 0,5 м қашықтықта болуы керек. Еден деңгейінде кез - келген бөлмені, аймақты немесе есікті қиып өту қажет болса, осы жерлерде сымдарды тиісті қабаттармен қорғау керек. 2. ЦПУ мен перифериялық құрылғылар арасындағы қашықтық байланыс кабельдерінің ұзындығымен (ЦПУ дисктік жинақтағыштарының арасында ең көп ұзындығы 2 м) шектеледі. Барлық басқа байланыс кабельдері стандартты ұзындық 15 м - ге ие . 3. Қызмет көрсету персоналының жүйенің конфигурациясының әрбір элементіне еркін қол жеткізу. Кеңістік жүйенің компоненттерін салқындату үшін ауа айналымын қамтамасыз етуі керек. Жөндеу және техникалық қызмет көрсету үшін компоненттердің артқы қабырғасына қол жеткізу. Дөңгелекаен жабдықталған элементтердің бөлменің ортасына қарай жылжуын қамтамасыз ету қажет.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==