Мокеева Н.С. Тігін кәсіпорындарын жобалау

10.5.6 Лекал бөлімінің есебі АЖЖ қолдану лекалдардың көбеюі, олардың кесілуі және көшірілуі АЖЖ тобында жүргізілетін болғандықтан, лекал бөлімін толықтай жоюға (лликвидировать) мүмкіндік береді. Мұндай әдіспен алынған лекалдар оларды дайындаудың дәстүрлі әдісімен салыстырғанда, өлшемдердің максималды нақты мәндеріне ие. Бұл жағдайда, егер өнеркәсіпте автоматтандырылған пішу қарастырылмаған және бөлшектердің «таза» кесілуі үшін ленталы машиналар қолданылса, онда лекал кесушілердің саны дәстүрлі формуламен есептеледі: К лекі = М Н і ∙Н вр і ∙ℎ лек ∙ , (10.15) К лек = ∑ К лек.і =1 (10.16) мұндағы М нi – кәсіпорында жылына шығарылатын, i –ші бұйым түрінің жаңа үлгілерінің саны, дана; − врi Н i –ші бұйым түрінің таспалы машиналарға арналған лекалдың жарты жиынтығын дайындауға кететін уақыт шығыны; i Q – i –ші бұйым түрінің лекал жиынтықтарының саны, бірл. ; η лек – конструкторлармен және т.б. іскерлік әңгімеге, сонымен қатар ескірген лекалдарды ауыстыруға кететін қосымша уақыт шығындарының коэффициенті, η лек = 1,15. В – жұмыс уақытының жылдық қоры, сағ ( бір ауысымдық жұмысты есепке алып қабылданады ); ६ - науқастық қағаз және басқа себептер бойынша жұмысқа шықпау коэффициенті , ६ = 0,93; Егер тігін өндірісінің технологиялық процесі басқа лекалдарды пайдалануды қарастырса (тігін шеберханасларына арналған көмекші, ақаулы жаймаларды пішу және т.б.), онда лекал кесушілердің санының есебі (10.15) формуламен есептеледі, тек Н вр і және мәндері өзгереді. Бөлім ауданы дәстүрлі әдіспен есептеледі . 10.6 Материалдар шығынын нормалау топтарын есептеу АЖЖ тобында лекал жаймаларын дайындау, олардың 1:2 - ден 1:10- ге дейінгі масштабта табиғи өлшемдегі сызбалары, сонымен қатар барлық норма түрлерінің есебі жүргізілетін болғандықтан, бұл топ жойылады (ликвидируется) және есептелмейді. Яғни, техникалық

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==