Мокеева Н.С. Тігін кәсіпорындарын жобалау
жүйесінің бағдарламалық қамтамасыздандыруды автоматты түрде іске қосу кезінде орындалады. Графоқұрастырғыштардың саны да (10.2) формула бойынша есептеледі тек Р ГРАФ ескеріледі ( ауысымдағы жайма санында графоқұрастырғыштың өнімділігі) . Р ГРАФ = 37 жайма / см. (1 жайма - 50 бөлшек ) Негізгі және қосымша жабдықтар АЖЖ - Қ тобының бөлек аймағында орнатылады . 10.5.2 Эксперименттік цехтың құрастыру және үлгілеу топтарының есебі. АЖЖ тобы есептелгеннен кейін эксперименттік цехтың барлық операциялары талданады; АЖЖ тобында орындалатын операциялар айқындалады және эксперименттік цехта қалған операциялар анықталады.Эксперименттік цехта қалған операциялар үшін есептеудәстүрлі технологиялық процесті жобалау кезінде пайдаланылатын формулалар арқылы жасалады. Бұл формулалардың құрылымы өзгермейді. Алайда , белгілі бір жұмыс түрлеріне жұмсалған уақыт өзгереді. Мысалы, құрастыру және үлгілеу тобында конструктор қосымша лекалдарды көбейткеннен кейін олардың масштабталуын және қиықтардың қиысуын тексерумен айналысатын болғандықтан, конструкцияны қосымша реттеуге кететін уақыт нормасы өзгереді. Сол уақытта лекал - түпнұсқалары көбейту және дайындау үшін конструкторлар қысқартылады немесе толығымен жойылады . Құрастырушылардың (конструктор) санын есептеу Құрастырушылардың саны мына формула бойынша есептеледі K K i = M H i ∙H BP i ∙η K BE (10.5) K К.ОБЩ. = ∑ K K i n i=1 (10.6) мұндағы K K i - і - ші бұйымның конструкциясын дайындау немесе қайта жөндеуге қажет конструкторлар саны, адам; M H i - і - ші бұйымның жаңа үлгілерінің саны; H BP i – конструкцияны дайындауға кететін уақыт шығыны, сағат; η – іскерлік әңгімеге кететін уақыт шығынын ескеретін коэффициент, η =1,3; В – жұмыс уақытының жылдық қоры, сағат;
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==