Мокеева Н.С. Тігін кәсіпорындарын жобалау

2 Графоқұрастырғыш түрі (плоттер). Графоқұрастырғыштардың екі түрі бар: планшеттік және орама. 10.2 - кестені талдау бойынша, ең үлкен артықшылықтар орама (рулонный) кең форматты графоқұрастырғыштарға берілетінін атап өтуге болады. 3 Пайдалану шарты : барлық жүйелер дерлік ауаны баптауды қолданулы талап етеді. Пайдалану температурасы орташа 20 – 35°С, ауа ылғалдылығы шамамен 6 0%. 4 Қолданылатын қағаз - ең қымбат шетелдік жүйеде тек жақсы сапалы қағаз пайдаланылады, отандық жүйеде кез келген сападағы қағаз қолданылады. 5 Бағасы - шетелдік мамандандырылған жабдықтар қымбат. Мысалы, « Gerber »: 2 компьютер, 1 дигитайзер және 1 плоттер (мамандандырылған) 45 мың АҚШ долларға жуық құрайды. Салыстыру үшін «Силуэт» - 3 компьютер, 1 дигитайзер және 1 плоттердің бағасы 15 мың долларға жуық, яғни үш есе арзан және үш есе өнімді (бір уақытта үш адам жұмыс істей алады). Және бұл жүйелердің бірдейфункционалдық мүмкіндіктерінде. Сондықтан жиі жүйелерді таңдау кезінде негізгісі баға / функционалдылық көрсеткіштерінің қатынасы болып табылады.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==