Мокеева Н.С. Тігін кәсіпорындарын жобалау
АЖЖ - модельер жүйелерін салыстыру кезінде келесі айырмашылықтарды атап өтуге болады: 1 Фигураның жазық кескіні - екі өлшемде (2D) немесе көлемді - үш өлшемде, бұл фигураны жан - жақтан, жанынан көруге мүмкіндік береді (3D); 2 Қолданылатын түстер мен реңктердің саны 16000000 дейін жетеді; 3 Ақпаратты сақтау көлемін арттыратын сурет файлын азайту мүмкіндігі; 4 Ақпараттың көлемін ұлғайту үшін лазерлік дискінің болуы немесе болмауы; 5 Кейінгі құрастыру операцияларымен үйлесімділік. Ең қымбат жүйе –« USM » АҚШ фирмасының «Компьютерлік дизайн 2D және 3D», «Investronica» (Испания) - тегіс сурет және төмен бағаға ие. 10.4 АЖЖ - конструктор жүйелерін салыстырмалы талдау АЖЖ жүйелеріөндірістің барлық салаларында өндірісті дайындаудың көпшілік мойындаған тиімді жылдамдату құралы болып табылады. Нарықтық қатынас жағдайында, бірінші орынға бұйым сапасының жоғарылығы және ауысымның тез қарқындылығы талаптары шыққан кезде, АЖЖ нарықтың сұраныстарына жалғыз тиімді жауап құралы болып табылады. АЖЖ жүйесінде конструктордың жұмысы көп уақыт бойы қалыптасқан ойлау стереотиптерін өзгертуді талап етеді. Жүйені меңгеру үшін жаңа білім мен шеберлікті игеру керек. АЖЖ - конструктор жүйесі құрастыру жұмыстарын орындауға байланысты, келесі кезеңдерді қамтиды: 1 Негізгі және үлгілік конструкцияларды жобалау; 2 Негізгіжәне туындылекалдардыжобалау ; 3 Лекал градациясы ; 4 Жайма схемасын жобалау ; 5 Материал шығыны нормасын есептеу. АЖЖ - конструктор жүйелерінің салыстырмалы сипаттамалары 10.2- кестеде көрсетілген. Ұсынылған 10.2 кестені талдау барысында, барлық жүйелердің негізгі айырмашылықтарын атап өтуге болады: 1 ДК - ге лекал контурларын енгізу әдісі. Көптеген АЖЖ жүйелерінде лекал контурларын енгізу дигитайзер көмегімен орындалады, «Cybrid» (Ұлыбритания) лекалдар автоматты түрде сканерленеді,ал «Ассоль» (МФТИ, МГУДТ, Ресей) жүйелерінде және «Леко» (Вилар, Ресей) лекал контурларын енгізу сандық фотокамераны пайдаланып орындалады . Лекалдарды суретке түсіреді және жүйенің бағдарламасына енгізеді, содан кейін градацияны шығарады.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==