Мокеева Н.С. Тігін кәсіпорындарын жобалау

5 «Қорытынды» - есеп беруді қалыптастыру; сыртқы құрылғылар тізімін өңдеу; қалыптасқан есепті көрсету; есепті сыртқы құрылғыларға беру ; есеп беруді басып шығару. 6 «Автоматтандырылған пішу станоктарын басқару» - жайма бойынша есептер шығару. 7 «Лекалдарды импорттау» - бағдарламалық - техникалық кешеннің ақпараттық сабақтасттығы қамтамасыз етіледі; лекалдарды басқа жүйелерден деректер базасына ауыстыру . «Одежда»«МГУДТ» АЖЖ жүйесі, Ресей Жүйе келесі процестерді автоматтандырады: киімді модельдеу; конструкциялау; киімнің бөлшектерін матаға орналастыру (жайма); материал шығынын есептеу; мата шығынының пайызын есептеу; киім үлгісінің дайын лекалын алу; принтерде немесе плоттерде кез келген масштаб бойынша лекалдарды шығару . Жүйе белгілі бір фигура үшін енгізілген жеке өлшемдерге сәйкес кез - келген бұйымның лекалдарын жасауға мүмкіндік береді. Бұған қоса, деректер типтік фигуралар үшін жүйелік каталогтан автоматты түрде енгізілуі мүмкін. Осылайша, нарықта киім өндірісінің конструкторлық және технологиялық дайындықтың әртүрлі кезеңдерінің көлемімен және орындалу сапасымен, сенімділігімен, өнімділігімен, олардың жұмыс істеуі үшін қажет минималды жабдық жиынтығымен, бағасымен, дамуға қабілеттілігімен, басқа жүйелермен үйлесімділігімен ерекшеленетін, автоматты жобалау жүйелерінің көп мөлшері бар [40]. 10.3 АЖЖ - модельер жүйелерін салыстырмалы талдау Барлық АЖЖ - модельер жүйелерінің жұмыс істеу принципі келесідей. Суретші ДК - ге сканерлеу құрылғысын пайдаланып түрлі - түсті суретті немесетүрлі - түсті үлгінің эскизін енгізеді, сондай - ақ ДК - ге матаның суретін енгізеді. Суретші модельде бейне - терминалдың экранында тікелей жұмыс істейді. Жарық қаламның көмегімен ол экрандағы фигураны «киіндіреді», материалдарды, әрлеу түрлерін және фурнитураларды таңдайды. Экранда алынған модельдің түрлі - түсті суреті камерамен немесе түсті принтермен бекітіліп, содан кейін компьютердің жадында сақталады. Бұл үлгілер жиынтығын жылдам және тиімді түрде жасауға мүмкіндік береді [40]. Белгілі АЖЖ жүйелерінің арасында АЖЖ - модельер кіші жүйелер келесі жүйелерде бар: - « Gerber » GGTф., АҚШ;

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==