Мокеева Н.С. Тігін кәсіпорындарын жобалау
жою, бөлшек секцияларының бұрылысы және айналық түрленуі, секцияларды біріктіру және т.б.) 3 «Бұйымдарды көру» көмекші бағдарламасы бұйымдарда стандартты және унифицирленген бөлшектерді кеңінен қолдануға мүмкіндік беретін, деректер базасының бөлшектерін жұмыс бұйымына ауыстыруға мүмкіндік береді. 4 Бөлшектердің жартылай автоматты орналасу әдістерінің автоматты жайма мүмкіндіктерімен тиімді үйлесімі: ұсақ бөлшектер автоматты түрде жайманың бос аймақтарына орналастырылуы мүмкін. Бөлшектерді топтарға біріктіру және топпен орналастыру, жаймадағы бөлшектерді тігіске автоматты түрде қосымша берумен бірге кесу мүмкіндіктері бар . 5 Бұйым үлгілеріне ыңғайлы визуалды қол жеткізу, бұйым лекалдарын және жаймасын көру мүмкіндігі. 6 Бет бойынша жайманы салу; бөлшектерді әрлеуде жеке баптау тапсырмалары бойынша икемді заттардың болуы. «Лакшми», Белоруссия фирмасының «Автокрой» АЖЖ жүйесі «Автокрой» жүйесі типтік немесе жеке фигураға арналған киім үлгісін әзірлеуге арналған. Ол келесі кезеңдерді ұсынады: киімнің негізгі конструкциясын жасау; интерактивті режимде негізгі конструкцияларды модификациялау арқылы модельдік конструкцияларды әзірлеу; кез - келген өлшемдер мен толықтық топтарға қажетті үлгінің лекалдарын құру; кез - келген түпнұсқа құрастыру әдістері бойынша негізгі конструкцияларды құру. Жүйе трикотаж жаймаларынан тігілген әйелдер киімінің өндірісінің конструкторлық және технологиялық дайындығының кешенді автоматтандырылуы үшін арналған. «Eleandr CAD» АЖЖ жүйесі «МГУДТ», Ресей Eleandr CAD киімнің автоматтандырылған жобалау жүйесі киімді құрастыруға, киімді конструктивті үлгілеуге, лекал жиынтығын құруға, бұйымның градациясына, лекалдардың жаймасына, жобалық құжаттаманы әзірлеуге, технологиялық ақпаратты дайындауға арналған. Жүйеде келесі модульдер бар: негізгі конструкцияларды жасау модулі; киім конструкциясы модулі; лекалды құрастыру модулі; градация модулі; жайма модулі; фурнитураны есептеу модулі; өндіріс процесін жобалау модулі; жұмыс нәтижелерінесепке алу және талдаудың модулі. Жүйенің ерекшеліктері:
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==