Мокеева Н.С. Тігін кәсіпорындарын жобалау
толықтық диапозонында тез және нақты тұрғызылуын жүйе қамтамасыз етеді «Тапро» жүйесінде үш өлшемді конструкция әдістерін қолдана отырып, иық бұйымдарының негізгі бөлшектерінің конструкцияларын алуға болады және оларды графикалық үлгілеудің барлық қажетті әдістерін қолдануға болатын «Грация» форматына түрлендіруге болады. Үш өлшемді конструкцияда қажетті өлшемдер мен бойдың бөлшектерін тұрғызуда қиындық жоқ болғандықтан, автоматты градацияны жүзеге асыру туралы айтуға болады. Бірлескен жұмыс процесінде «Тапро» - да тұрғызылған «конструктор» ішкі жүйесінде аналитикалық құрастыру әдістерімен үлгілердің лекал жиынтықтарын дайындауға арналған негізгі бөлшектердіңаналитикалық сипаттмасын алу идеясы туды. Бұл ретте бір көзқарас (подход) екіншісіне қарама - қайшы емес,олардың ортақ пайдаланылуы үшін орта жасалады. Кіріктірілген АЖЖ - ні қолданудың басқалармен салыстырғанда негізгі артықшылықтарына өндірісті дайындаудың барлық кезеңдерін автоматтандырудың жоғары деңгейін, автоматты градацияны және бұйымның жоғары сапасын, шикізаттың және жайманы құрастырудың әртүрлі режимдерінің үйлесімділігі негізінде уақыттыңүнемділігін қамтамасыз ететінбұйымды құрастырудың «қағазсыз» компьютерлік технологиясының болуын жатқызуға болады. Осылайша, нарықта киім өндірісін дайындаудың конструкторлық және технологиялық әр түрлі кезеңдерінің көлемімен және орындалу сапасымен, сенімділігімен, өнімділігімен, олардың жұмыс істеуі үшін қажет жабдықтың ең аз жиынтығымен, бағасымен, дамуға қабілеттілігімен, басқа жүйелермен үйлесімділігімен ерекшеленетін әр түрлі көп мөлшерлі автоматтандырылған жобалау жүйелері бар. «Комтенс» (Мәскеу қ.) фирмасының АЖЖ жүйесі Жүйеде мынадай модульдер бар: AB OVO - параметрлік конструкция; графикалық редактор - конструктивті үлгілеу бағдарламасы; жұмыс бұйымы - жиынтықтарды қалыптастыру, құрастыру , дигитайзермен байланыс; жайма - жайманы құру; әкімші - жүйенің конфигурациясы және деректерді басқару; плоттерді басқару - перифериялық жабдықтарды басқару бағдарламасы. Жүйенің ерекшеліктері: 1 Берілген өлшемдегі бұйымның лекалдарын алуға мүмкіндік беретін, өлшем мәндерін және қосымшалар мәндерін жылдам өзгерту мүмкіндігі. Өз жобалау әдіснамасын қолдану мүмкіндігі. 2 Конструктивтік үлгілеу операцияларының толық жиынтығы (қисықтардың, бөлшектің жеке нүктелерінің түрін өзгерту, бөлшектерді секцияларға бөлу, берілген ұзындықта тік және лекалдық қисықтардың қиықтарын тұрғызу, нүктелерді қосу және
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==