Мокеева Н.С. Тігін кәсіпорындарын жобалау

2 Жаңа үлгілерді дайындау циклінің азаюы, үлгілерді өндіріске қосудың 10 есеге жылдамдатылуы. 3 Үлгілердің оңтайлы жаймасына байланысты пішілетін материалды 20% - ға дейін үнемдеу . 4 Бұрын лекал дайындауға арналған жабдықпен, лекалдарды сақтау аймағымен, эксперименттік жаймалардың қолмен орындалуына арналған үстелмен, трафареттерді дайындауға арналған бөліммен немесе светокөшірмелі бөліммен бос болмаған өндірістік аудандардың босталуы. 5 Жобалық құжаттаманы түзетуді жылдамдату және өзгерістер енгізу . «Грация» АЖЖ жүйесі «Грация» АЖЖ - бұл киімді жобалау және өндіруді кешенді автоматтандыру жүйесі. Мынадай ішкі жүйелер бар: эскиздер мен суреттер; құрастыру және үлгілеу (аналитикалық); үлгілеу (графикалық); технология; жаймалар; диспетчерлік, есеп және жоспарлау. Жүйенің ерекшеліктері: 1 Лекалдардың қажетті өлшемді, бойлы, толлықтықты және нақты фигураларға қиықтардың жанасуын бақылау және түзеу және өлшем табелін жасауды орындаумен автоматты тұрғызылуы. 2 Тұтынушыларды өлшеу дерекқорын енгізу . 3 Матасуретін, төсеу әдісін және технологиялық талаптарды ескере отырып, лекалдардың қолмен, жартылай автоматты және автоматты түрде жаймасын жасау мүмкіндігі. 4 Кез - келген бұйымның кез - келген мерзім бойынша өндіріс динамикасын және іске асуын анықтау. «Грация» мен «Тапро» жүйелерінің бірігуі нәтижесінде 2000 жылы Интеграцияланған АЖЖ жүйесі пайда болды. Интеграцияланған АЖЖқазіргі уақытта жеңіл өнеркәсіп саласында ең озық болып табылады. Әсіресе бұл конструкторлық дайындықты автоматтандыруға қатысты. Жүйе бұл процесті сапалы жаңа деңгейге көтеретін, нақты өндірістің ерекшеліктерін есепке алуға және конструкторлардың шығармашылық әлеуетін іске асыруға мүмкіндік беретін құралдардың кең жинағын ұсынады. Ол кәсіпорындардың мүмкіндіктері мен ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Әзірленген лекалдарды дигитайзерден енгізуге болады, графикалық үлгілеу әдістерін орындау, туынды және көмекші лекалдарды тұрғызу, өлшем мен бой бойынша градацияны жүзеге асыру. Аналитикалық базалық және модельдік конструкцияларды компьютерде бір өлшемде кез - келген әдіспен тікелей жасауға болады, ал негізгі және туынды лекалдардың қажетті өлшемдер, бойлар және

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==