Мокеева Н.С. Тігін кәсіпорындарын жобалау
градация ережелерін автоматты есептеу; қате енгізілген деректерді жою және т.б. A РM/K модулінің ерекшеліктері: операциялардың лекалдармен толық жиынтығы (кесу, желімдеу, қатпар жасау, тігіс қосу, айналдыру, симметриялық көрініс, симметриялы бөлшектердің ашылуы және т.б.); градация ережелерін автоматты есептеу; тігісті ескере отырып, барлық өлшемдер бойынша лекал жігін автоматты түрде тексеру; кез - келген қашықтықты өлшеу (жең окатын , қолтық ойындысын); периметрді және кез - келген өлшем - бой ауданын өлшеу; қарапайым лекалдарды тікелей экранда жасау және периметрін өлшеу. ДББЖ ерекшеліктері: объектілерді файлдардан импорттау және экспорттау; объектілерді қайта атау; объектілерді жою; объектілерді мәтіндік және графикалық режимдерде қарау; кез - келген параметрлер бойынша объектілерді іздеу; жойылған объектілерді қалпына келтіру. A РM/ P модулінің мүмкіндіктері: жайма жасаудиалогты режимде орындалады; бекітілген шектеулерді автоматты түрде басқару, «қысу» және «кері серпіліс» бөлшектерін енгізу; бөлшектері бар операциялардың толық жиынтығы (айналдыру, аудару , бөлшекті бөліктерге кесу, симметриялы бөлшектерді жинау, қосымшаны қосу , кез - келген өлшем - бой бөлшектер мен жинақтарды қосу/алу және т.б.). Шығу модулінің ерекшеліктері: кез - келген плоттерлерді қолдау; лекалдар мен жаймалардың табиғи өлшемде жасалуы; шығыс процесін көрсету және басқару; шығыс кезегін енгізу; қағазды неғұрлым оңтайлы пайдалану үшін кезекті қолмен және автоматты түрде қайта құру; шығу режимдерінің икемді жүйесі [40]. «Вилар» (Ресей ) фирмасының «Леко» АЖЖ жүйесі Жүйеде пішудің келесі дайындық кезеңдері автоматтандырылған: компьютерге кіру және лекалдарды түзеу; жаңа лекалқұру және жүйеде қолданыстағы лекалдарды модификациялау; лекалдардың өлшемдер мен бойлар бойынша градациясы ; аудандардың, габаритті өлшемдердің және лекалдардың аймақ ұзындықтарының есебі және басылмасы; жайманы құру және оңтайландыру; лекалдарды кескіндеу, жайманы және лекал торларын сызу; материалды тұтыну мөлшерін есептеу [47]. Жүйенің артықшылықтары: 1 Еңбекті қажет ететін операцияларды компьютерлендіру есебінен конструктор еңбегінің өнімділігін 2 - 3 есеге арттыру.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==