Мокеева Н.С. Тігін кәсіпорындарын жобалау
10 Сандық фотокамерамен компьютерге лекалдарды енгізудің алдыңғы қатарлы технологиясы. 1 1 Өнімді өңдеудің құнын есептеу, әр ұйымдық операцияның құны, ағын қуаты, жабдықты пайдалану пайызын және т.б. автоматты түрде есептеу. 12 Бөлікті қолмен және автоматты есептеу мүмкіндігі. 13 Базалық мәліметтерді қолдана отырып ерлер, әйелдер, балалар типтік және типтік емес фигураларда үш проекцияда алдынан, артынан және сол жағынан, техникалық суретінің автоматты тұрғызылуы. Жүйенің артықшылықтары: 1 Әлемде теңдесі жоқ әмбебап модульдер. 2 Лекалдардың автоматты орналасуы (жайма) – тәжірибелі жайма орындаушыға қарағанда 1 -3% - ға жақсырақ жайма жасайды . Тәулік бойы жұмыс жасайды. 3 Сандық дизайн: бұйымның фотосуреттер мен мата пайдаланып, үлгі дайындаусыз басқа да материалдардан жасалған бұйымдарды виртуалды «тігу». 4 «Фотодигитайзер» - лекалдарды компьютерге сандық камераны пайдаланып енгізудің экономикалық технологиясы ( жабдықтарға 1000- 2000 долларға ақша шығынын азайту; лекалды қолмен енгізуде әдеттегі операцияны алып тастау, ол жылдамдықты көбейтеді және лекал контурларының нақтылығына кепілдік береді) . «СофтКомпас» (Новосибирск қ.) фирмасының АЖЖ жүйесі «Силуэт» жүйесі – бұл тігін және былғары галантереясы өнеркәсібі кәсіпорындарында үлгілерді жобалау және пішуді дайындау процестерін автоматтандыруға арналған лекал және жайманы жобалаудың автоматтандырылған жүйесі. Кішігірім толықтырумен кез келген материалдарды автоматтандырылған пішу үшін пайдалануға болады. Жүйе жұмыстың барлық кезеңдерін лекалды құрастыру немес енгізуден бастап, дайын жайманы пішуге немесе сызуға дейін. Ол келесі модульдерден тұрады: енгізу модулі (жүйеге қағаз лекалдарды дигитайзер қолданып енгізу); AРM / K модулі (модельер - конструктордың жұмыс орны); объектілі - бағытталған деректер базасын басқару жүйесі (ДББЖ); AРM/Р модулі (лекал орындаушының жұмыс орны); шығыс модулі (бөлшектер , модельдер және плоттерге жайманың шығысы ). Кіріспе модулінің мүмкіндіктері: импорт және отандықдигитайзерлерді қолдау; үлкен лекалдарды бөліктерге енгізу; симметриялық лекалдың жартысын ғана енгізеді; бірнеше контуры бар лекалдарды енгізу; енгізілген лекалдың графикалық суреттемесі ;
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==